БӘРІН ӨЗІМНЕН БАСТАЙМЫН

Мен Алпысбек Айсана Дулатқызы алғаш рет мақала жазайын деп отырмын. Қазақ даласының орталық өңірі Қарағанды облысында тұрамын. Мақаладағы тақырыбым, Қарағанды қаласындағы осы жылы ашылған мектептер жайлы болмақ. Осы жылы қаламызда бірнеше жаңа мектеп ашылып, ел өміріне жаңа өзгерістер енген болатын. Қаланың Күнгей ауданында 30 жылдан кейін алғаш рет мектеп ашылды. Бұл өте таңғаларлық әрі қуанарлық жайт деп білемін. Бұл №26 мектеп осы 2024 жылы 1 қыркүйекте ашылды. Мен осы сужаңа мектептің 11 сынып оқушысымын. Осы мектептің есте қаларлықтай алғашқы түлегі әрі алтын белгіге үміткерімін. Мектеп маған жаңа орта мен жылы естеліктер қалдырды және бұл мектеп маған көп мүмкіндіктер сыйлады.
Оқимын деген балаға мектепте мүмкіндіктер көп. Мұнда «ТВ медиа кабинеті», еңбек пәнінен қыздарға бөлек ас шеберханасы, «Арт студия» т.б кабинеттер бар. Ал, бұл кабинеттерде баланың қызығушылығы артып, сабақтан өзге қызығушылығың бойынша өнер саласына қарай бейімделе түсесің. Маған қатты ұнағаны «ТВ медиа кабинеті». Мұнда Асхат Қажытайұлы деген журналист мамандығында жұмыс істейтін, өз саласын жақсы білетін ұстаз жұмыс жасайды. Ол кісі бізге қалай сұхбат беру керектігін, қайтып сұқбат алу керектігін, адамдармен жақсы тіл табыса білу жөнінде үйретіп, жалықпай түсіндіреді. Осы жерден журналист болғысы келетіндерге арманына алғашқы бір қадам деп те айтуға болады. Маған осындай сала қызықты яғни адамдардан сұхбат алып, жаңалықтар жүргізіп, елімізде болып жатқан оқиғалармен танысып, ой талқыға салған ұнайды. Бұл мектеп бізге арманымызға қадам, болашағымызға мүмкіндік сыйлап жатыр. Біз осы күндерді бағалап, болашағымызға мақсат қоя білсек, арманымыз орындалады. «Болашағыңның өзгеруін қаласаң, сол өзгерісті тап қазір жаса» дегендей жаңа мүмкіндіктерді пайдаланып, уақытты бос кетірмей айналамыздағы заттарды зерттеп, арманымыздың басымызда ғана арман болып қалмауына әрекет жасауымыз қажет. Қиялымның шындыққа айналуы бәрінен маңызды. Ол үшін үйрену, іздену, талаптану ғана бізді алға жетелей алады.
Бұл мектеп маған біраз нәрселер үйретті, мектептің ашылғанына көп болмаса да, жаңа орта бізге естен кетпес кездер силады. Тағы бір айта кететін нәрсе, бұл мектептің мұғалімдері өз жұмыстарына адал, өз жұмыстарын сүйіп істейтін адамдар, бізді білім нәрімен сусындатып отырған осы мұғалімдерге үлкен алғыс білдіремін. Мен аз уақыттан соң осы мектеп табалдырығынан аттап, үлкен өмірге қадам басайын деп отырмын. Болашағымның жарқын болуы үшін қазірден еңбек етудемін. Өзіме айтарым арман, мақсат, нәтиже осы үш сөзді жадыма берік сақтаймын. Болашағым жарқын болсын десем, тынбай еңбек ете бергім келеді. Бұйыртса, сол жасаған еңбектеріміздің жемісін көретін күн болады. Сол үшін уақытты босқа кетірмей жанып тұрған кезімізде бар мүмкіндікті пайдаланып биік белестерден көрініп, ата-аналарымыздың бізге деген сенімін ақтап біздермен мақтанатындай дәрежеде боламыз.
Адам басқаға ақыл айтуға шебер. Менің ойымша ақылыңда, ізденісіңде, ең алдымен өзіңе арналуы керек. Сонда ғана табысқа жетуге болады. Ал, өзгелерге келер болсақ, оларға сөзбен ықпал етуге болмайды. Жарқыраған жақсы қасиеттерің, қол жеткізген табысың ғана басқаларды баурайды.

Алпысбек Айсана Нұрдәулетқызы,
Қарағанды облысы, Қарағанды қаласы,
«№26 ЖОББМ» КММ
11 «А» сынып оқушысы
Жетекшісі: Қанат Есжанов

ПІКІР ЖАЗУ