Балалардың қауіпсіздігі ерекше бақылауда

Жуырда Ұлытау облысы ТЖД қызметкерлері волонтерлік ұйымдарына азаматтық қорғау саласында оқу өткізді. Сабақ барысында алғашқы көмек көрсету тәсілдері, психологиялық қолдау, өрт сөндіру құралдарын пайдалану, тыныс алу органдарын қорғау және мақта-дәке таңғыштарын жасау тәртібі көрсетілді. ТЖ Департаменті балалар қауіпсіздігіне көп көңіл бөледі. Оқыту және профилактикалық сипаттағы іс-шаралар әр түрлі формада өткізіледі. ТЖМ қызметкерлері төтенше жағдайлар кезіндегі қауіпсіздік негіздерін үйрете отырып, балалармен белсенді жұмыс жүргізеді. Құтқарушылар жаттығулар, тақырыптық сабақтар, әңгімелер және интерактивті сабақтар сияқты әртүрлі іс-шараларды ұйымдастырады, бұл балаларға қауіп төнген жағдайда қалай әрекет ету керектігін жақсы түсінуге көмектеседі. Жарыстар мен ашық есік күндері де өткізіледі, онда балалар құтқарушылардың техникасымен және жұмысымен таныса алады, сондай-ақ қауіпсіз мінез-құлық дағдыларын пысықтай отырып, жаттығуларға қатыса алады. Бұл балалардың білімін нығайтып қана қоймай, олардың күнделікті өмірде қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыруға ықпал етеді. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі — табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу мен оларды жою, азаматтық қорғаныс, өрт және өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы салааралық үйлестіру, мемлекеттік материалдық резервті қалыптастыру және дамыту, төтенше жағдайлардың алдын алу мен оларды жою мемлекеттік жүйесін құруды және одан әрі дамытуды қамтамасыз ету, өрттің алдын алуды және сөндіруді ұйымдастыру саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыруды жүзеге асыратын орталық атқарушы орган.

Төтенше жағдай — адам өміріне қауіп төндіретін жағдайлар, олар өндірістік апат, террористік акт, әскери операциялар немесе жер сілкінісі, сел жүру секілді табиғи апат салдарынан болуы мүмкін. Халықты осындай қауіптен сақтау үшін, Төтенше жағдайлар министрлігі және Азаматтық қорғаныс штабы сияқты қызметтер ұйымдастырылған. Қандай да бір қауіптілік төнген жағдайда арнайы қызмет орындарына хабар беріп, көмекке шақыру керек. Волонтерлердің ТЖ органдарымен өзара іс-қимылы, азаматтық қорғау жүйесінің мақсаттары түсіндірілді. Оқыту қорытындысы бойынша қатысушылар тест тапсырып, сертификаттар алды. Өскелең ұрпақпен іс-шаралар табиғи және техногендік сипаттағы ТЖ кезінде балалардың жарақаттануы мен өлімінің алдын алу мақсатында жүргізіледі. Құтқарушылардың өздері есептегендей, мектепке дейінгі жаста сәбилерде қауіпсіз мінез-құлықтың негізгі дағдылары қалыптасады, жеке қауіпсіздік мәдениеті қалыптасады.

Г.Тұрлыбекова

ПІКІР ЖАЗУ