Балалардың қауіпсіздігі басты назарда

Бүгінгі таңда қоғамның алдында тұрған басты міндеттердің бірі – балалар мен жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын-алу, кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстың өсуіне жол бермеу. Бұл мәселе қазіргі таңда көкейтесті мәселелердің біріне айналып отыр.
Қайым Мұхамедханов атындағы №90 гимназиясында құқық бұзушылықтың алдын алу жұмыстары аясында орта және жоғары сынып оқушыларына арналған оқушылардың құқықтары мен міндеттері туралы дәріс өтті. Мұндай шаралар Астана мектептерінің барлығында дерлік өткізілмек.

 

«Бүгінгі іс-шара балалардың жалпы қауіпсіздігіне бағытталған. Сонымен қатар біз құқық бұзушылықтың алдын алу туралы айтатын боламыз, бұл бағытта мектептер аясында да, қала деңгейінде де үлкен жұмыс жүргізілуде.
Мектептерге баратын және 8-11 сынып оқушыларымен әңгімелесетін 16 мобильді топ құрылды. Бұл топтарға Білім басқармасының, прокуратураның, полиция департаментінің өкілдері, сондай-ақ мәдениет және спорт қайраткерлері кіреді. Біз кесте жасадық және оған сәйкес Астананың барлық мектептері мен колледждеріне барамыз», — деді Білім басқармасы басшысының орынбасары Серік Әділбаев.
Сонымен қатар оқушыларға проблемалар туындаған жағдайда не істеу керектігі туралы кеңестер берілді.

«Біздің мақсатымыз – қалай әрекет етуге болмайтыны туралы айтып қана қоймай, қамқорлық көрсету. Мәселе туындаған жағдайда мектеп оқушылары психологиялық көмек ала алатынын түсіндіреміз. Мысалы, егер құрдастарымен жанжал туындаса, қорқыту, мұғаліммен немесе ата-аналармен күрделі қарым-қатынас болса, үндемеуге болмайды, өз проблемаларыңыз туралы айту керек, ал сынып жетекшісі немесе мектеп психологы қолдау көрсетеді», — деп қосты Білім басқармасы басшысының орынбасары.

Дәріс барысында оқушылар Қазақстан азаматтарының негізгі құқықтары мен міндеттерімен таныстырылды. Заңға құрметпен қарауға, құқықтық тәртіптің рөлін және өз іс-әрекеттері үшін жауапкершілікті түсінуге ерекше назар аударылды.
«Қазір біздің мектепте екі ауысымда 2079 бала оқиды. Біз мектеп жиналыстарын өткіземіз, ата-аналармен кездесулерде қауіпсіздік шаралары талқыланады. Мектептің ішкі ережелерінде біз баланың қауіпсіздігін бірінші орынға қойып, кейбір өзгерістер енгіздік. Біз үшін әр оқушының қауіпсіздігі өте маңызды»,-деп атап өтті №90 мектеп-гимназиясының тәрбие жөніндегі меңгерушісі Жасұлан Маненов. Ұйымдастырушылар мұндай іс-шаралар оқушыларға өз құқықтары мен міндеттерін жақсы түсінуге, сондай-ақ заңдарды сақтаудың маңыздылығын түсінуге көмектесетінін атап өтті.
Елордалық Білім басқармасы басшысының орынбасары Серік Әділбаев Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте мектептер мен колледждерде оқушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қабылданып жатқан шаралар туралы айтты. Бүгінгі таңда елордада 286 мың бала білім алушылардың жалпы контингенті бар 188 мектеп, сондай-ақ 36 360 студентті қамтитын 32 колледж, 13 қосымша білім беру ұйымы және 16 арнайы білім беру ұйымы жұмыс істейді.
«Балалардың құқықтарын қорғау мәселесінде біз пәрменді шаралар қабылданатын басым бағыттарды белгілейміз. Бүгінгі таңда қаланың барлық білім беру ұйымдары автоматты өрт дабылы жүйесіне қосылған, сондай-ақ цифрлық бейнебақылаумен қамтамасыз етілген. Сондай-ақ барлық камералар мен дабыл түймелері Астана полиция департаментінің жанындағы ЖБО-ға қосылған», — деді Серік Әділбаев.

Биыл барлық білім беру нысандары (мектептер, колледждер, қосымша ұйымдар) Face ID жүйесі бар заманауи турникеттермен жабдықталды.
Сонымен қатар барлық білім беру ұйымдарында қала ТЖД мамандарымен бірлесіп, меншік нысанына қарамастан барлық мекеме басшылары, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туындаған жағдайда қызметкерлер мен оқушылар үшін тұрақты негізде жаттығулар, сондай-ақ авариялық жағдайлар бойынша жаттығулар өткізіледі.
Елордада кәмелетке толмағандар арасында суицидтік мінез-құлық пен қорқытудың алдын алу белсенді жүргізілуде.

«Жеке» психологиялық қолдау орталығы» құрылды (Астана қаласы Достық даңғылы — 13). Ол білім беру ұйымдарының психологиялық қызметтерінің қызметін үйлестіреді, педагог-психологтарға әдістемелік қолдау көрсетеді және оқушылармен, педагогтармен және ата-аналармен профилактикалық және ағартушылық жұмыстар жүргізеді.

Биылғы 1 маусым мен 30 қазан аралығында КҚО психологтары 602 жеке консультация өткізді. Қаланың 5 ауданында оқушыларға, ата-аналар мен педагогтарға тегін психологиялық-консультациялық көмек көрсету кабинеттері жұмыс істейді (КҚО, «Нұрсая-2″ ТК, №11 КБ, № 105 ОМ, № 22 МБ, № 92 МБ, 10 МБ базасында). Жыл басынан бері 362 бала және 407 ата-ана психологтардан кеңес алды. Осы оқу жылында қала мектептерінде психологтардың саны 200 штаттық бірлікке артты», — деді Білім басқармасы басшысының орынбасары.
Қаланың оқу орындарында буллингке қарсы бағдарлама жүзеге асырылуда.
Ол үшін пилоттық жобаға 5 мектеп (Алматы ауданының №72 мектебі, Байқоңыр ауданының №16 мектебі, Нұра ауданының №79 мектебі, Есіл ауданының №24 мектебі, Сарыарқа ауданының №6 мектебі) енгізілді.
Осы бағдарлама шеңберінде қорқытудың алдын алу және азайту (сабақтар, тақырыптық кезекшіліктер, бірлескен оқулар өткізу), буллингтің анықталған жағдайларын шешу бойынша іс-шаралар өткізіледі. Сондай-ақ мұғалімдерге оқушылардың мазасыздық дәрежесін анықтау дағдыларын үйрету жұмысы жүргізіледі.

Жас ұрпаққа құқықтық тәрбие беру – жан-жақты тәрбиенің маңызды бір саласындағы жасөспірімдердің құқықтық тәрбиесі болып табылады. Қылмыстың алдын алудың бірден-бір жолы – оқушылардың мектептен тыс уақытта қосымша біліммен қамтылуын дұрыс ұйымдастыру.

Г.Тұрлыбекова

ПІКІР ЖАЗУ