Балалардың бақыты үшін

Ақтау қаласының Достық үйінде ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай «30 игі іс» акциясы аясында және 1 маусым — Халықаралық балаларды қорғау күніне орай кезекті «Қуанышты күн» қайырымдылық шарасы өтті. Іс-шараның негізгі мақсаты – мүмкіндігі шектеулі балалар мен олардың ата-аналарын әлеуметтік бейімдеу, оларды қоғамдық өмірге тарту және қуанышты көңіл күй сыйлау.


Аталған іс-шараға кәсіби әскерилендірілген авариялық – құтқару қызметтерінің республикалық орталық штабы, «Ақ Берен» Маңғыстау филиалының қызметкерлері және кәсіби әскерилендірілген авариялық-құтқару қызметі қызметкерлері кәсіподағының төрағасы, «Құрмет» орденінің кавалері Вавилин Вячеслав қатысты.
Концерттік бағдарлама аясында Денис Аккушимов және «Muzaev production» шығармашылық ұжымының жас дарындары Ибрагим Есенғалиев пен Анастасия Семенова өнер көрсетті. Сонымен қатар шараға Салтанат Исмаилова емдік массаж жасады, ал психолог Дариға Назарова мен медиатор Сәния Саталиеваның консультация берді.
Әр айдың соңғы жұмасында Достық үйінде қайырымды жандар мен еріктілердің қатысуымен мүмкіндігі шектеулі балаларға, аз қамтылған және көп балалы отбасыларға арналған «Қуанышты күн» акциясы өтетінін жеткізгіміз келеді.

Дайындаған Тілекгүл Есдәулет

ПІКІР ЖАЗУ