Бала деген бір бақыт

Халықаралық балаларды қорғау күні жыл сайын 1 маусымда аталып өтеді. Бұл мереке 1949 жылы Парижде әйелдердің Халықаралық демократиялық федерациясы конгресінің шешімімен бекітіліп, алғаш рет 1950 жылы тойланды. БҰҰ аталған бастаманы дер кезінде қолдап, балалардың өмірін, құқығын, денсаулығын қорғауды өз қызметінің басты бағыттарының біріне айналдырды. Елімізде 1 маусымда халықаралық Балаларды қорғау күні мерекесі аталып өтіледі. Бұл күні барлық ата-ана кішкентай балақайларға ерекше көңіл бөледі. «Адамның бақыты балада» деген адам ұрпағымен мың жасайды. Бүгінгі таңда бүкіл адам баласының алдында тұрған зор міндет – болашақ ұрпақтың бақытты өмірін қалыптастыру.

 

Мерекеге орай елорда әкімдігі бүлдіршіндерге арнап бірқатар іс-шара ұйымдастырады. Дәстүр бойынша елордалық саябақтарда бала-лардың қатысуымен концерттер ұйымдастырылады. Сахна төрінде би биленіп, балалар әндері шырқалады. Бұдан бөлек, балалар шыныға құммен сурет салу, тігу, гитара тарту, қолөнер бұйымдарын жасау, сурет салу сияқты шығармашылық істермен айналысты. Мұнда түрлі шеберханалардың өкілдері балаларға сабақ өткізіп, оларға оқуды одан әрі жалғастыруды ұсынады. Қала әкімдігінің қызметкерлері мерекеге келген барлық кішкентай астаналықтарға тегін балмұздақтар, сусындар мен тәттілер таратады.

Астанада балалар мерекесіне орай көрмелер, шығармашылық фестивальдар, спорттық жарыстар және тағы басқа шаралар өтеді. 1 маусым күні қаланың барлық саябақтарында өтетін мерекелік іс-шараларға қатысуға болады.

Былтыр Астана қала-сында мектепке дейінгі мекемелерде бүлдіршіндер арасында таңғы жаттығу флешмобы өтті. Сол сияқты қала мектептерінің спорт алаңдарында жас футболшылар мен футбол командасы арасында марафон ұйымдастырылды. Өмірлік қиын жағдайға тап болған балаларды қолдау орталығында «Әсем әуен әлемі — балалық шақ»атты фестиваль өтті. Ал SOS Астана балалар ауылында өскелең ұрпаққа арнап «Ғажайыптар шеберханасы» акциясы ұйым-дастырылды.

Сонымен қатар дәл осы сағатта Жастар театрында Ә.Файзуллиннің «Ақыл патшалығы» атты ертегісі жұртшылыққа ұсынылды. Ал Орталықтандырылған кітапханалар жүйесі «Отаным — бақыт мекені» іс-шарасын ұйымдастырып, бүлдіршіндер асфальтта сурет салады. Бұдан бөлек, №31 мектеп-гимназиясында инклюзияны қолдау кабинеті ашылды.

«Астаналық» саябағында «Балалық шақ» концерті, шарлармен түрлі мүсіндер әзірлеу, аквагриумнан мастер-класс, робототехникадан «RoBOKOD» конкурсы, квест ойындар, «Дәмді әлем» кулинарлық мастер-класы, сабын көпіршіктерінің отшашуы өтеді. «Жетісу» саябағында арқан тарту, бес тас, асық, тоғызқұмалақ, ләңгі тебу, гір көтеру секілді ұлттық ойындардан турнирлер ұйымдастырылды.
Бұдан бөлек Есіл өзенінің жағалауында бүлдіршіндерге арнап концерт те қойылады. Сол сияқты ересектер мен балаларға арналған «Dance zone» супердискотекасы да, «Біз бақытты бейнелейміз» мега-панносы да ұйымдастырылды. Әл-Фараби атындағы Оқушылар сарайында «Балалықтың бойтұмары» концерті, картинг, мотокросс, арқан тарту , шахмат, асфальтқа сурет салу бойынша жарыс, сондай-ақ жас сәнқойлар арасында дефиле флешмобы, көгершіндерді ұшыру іс-шарасы өтті.

Ұстаздар аллеясында «Балалық шақ – ғажайыптар әлемі» мерекелік іс-шарасы, «Сиқырлы алаң» спорттық эстафетасы, «Отбасымен оқу» көрмесі ұйымдастырылды. Музыкалық жас көрермен театрында «Күн астындағы Күнекей қыз» ертегісі қойылды. Бұл күні Амфитеатр аумағында «Болашақ — біздің қолымызда» концерті өткізілсе, Астаналық циркте «Балаларға күлкі сыйла» іс-шарасы ұйымдастырылды. Қуыршақтар театрында «Элвин және сиқырлы орманның тұрғындары»қойылымы көрсетіледі. Ал Nomad City Hall сахнасында «Болмаған балалық шақ» ертегісі сахналанады.

Бұдан бөлек, Арбат, Амфитеатр, Demalys Promenade аумағында балаларға арналған Creative summer іс-шарасы 1 маусымнан басталып, тамыз айына дейін жалғасады. Астана ботаникалық бағы — ҚР МЭПР ҚХЖМ «Ботаника және фитоинтродукция институты» ШЖҚ РМК филиалында қайырымдылық экскурсиялар өтті. Оранжерея кешенінің қонақтары Астана қаласының №3 және №2 арнайы мектептерінің оқушылары болды. Экскурсиялар ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалардың мүдделерін ескере отырып әзірленді. Балалар әртүрлі өсімдіктерді көріп, олар туралы көптеген пайдалы ақпараттарды біле алды. Балаларды қорғау күні олардың өмірін соғыстан қорғау, денсаулығын сақтау, болашақ ұрпаққа демократиялық негізде білім мен тәрбие беру жөніндегі барша әлемдегі озық пікірлердің тоғысқан арнасы десек, артық айтқандық емес. Дәл осы күні болашақта адамгершілікке, әділдікке, баянды өмірге толы қоғам құру үшін оның негізі — балаларға барлық жағдай жасау керектігі тағы да паш етіледі.

БҰҰ-ның жүргізген сауалнамасына жүгінсек, бүгінгі таңда әлемде әрбір оныншы бала үлкендер тарапынан жасалатын зорлық пен зомбылыққа ұшырайды екен.

Әлемде өмірі қатерге толы балалар да баршылық. Аш-жалаңаштық, соғыс өрті, терактілер балалар ғана емес, үлкендердің де психикасына кері әсерін тигізеді. Бұл — қорғансыз балалардың басына түскен үлкен ауыртпалық екендігі шындық.

Балаларды қорғау күні мереке ғана емес, сонымен қатар, болашаққа бағдар жасайтын маңызды шараның бірі. Адамзаттың алдында тұрған зор міндет — болашақ ұрпақтың бақытты өмірін қалыптастыру.

1 маусым халықаралық балаларды қорғау күні әлем елдерінің көпшілігінде атап өтіледі. Болашақта адамгершілікке, әділдікке, баянды өмірге толы қоғам құру үшін оның негізі — балаларға барлық жағдайды жасау керек. 2022 жыл “Балалар жылы” деп жарияланды. Саналы ұрпақ — мемлекет, ұлт болашағының негізі. Бұл күні барлық үлкендер балаларға ерекше көңіл бөледі. Ендеше барлық балаларды төл мерекелерімен шын жүректен құттықтаймыз. Болашақ ұрпақ әрқашан елін, жерін қорғайтын азаматтар болып өсе берсін. Балалар жыламасын!

Гауһар Тұрлыбекова

ПІКІР ЖАЗУ