Байқау! Байқау! Байқау!
Балалар жылы аясында Астана қаласы Орталықтандырылған кітапханалар жүйесімен «Қара шаңырақ» ұлттық тәрбие беру мектебінің және «Сенімен Болашаққа» Республикалық ата-аналар қоғамдық бірлестігі қолдауымен, жас зиялыларға арналған «Мөлдір бұлақ» республикалық танымдық журналы балалар басылымының 20 жылдығына орай «Талаптыға нұр жауар» атты байқау жариялайды.
Байқаудың мақсаты:
Балалардың шығармашылық қиялы мен жазу қабілетін, ойлау қабілетін шыңдау, бастамашылдығы мен ізденімпаздығын дамыту, ана тілге деген құрметін арттыру, ұлттық құндылықты дәріптеу, мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеру, экологиялық мәдениетке тәрбиелеу.
Номинация атаулары:
⚜️ “Мөлдір бұлақ” журналына жетекшілік етсем, қандай тың дүние енгізер едім?” бизнес-жоспар элементтері бар эссе жазу
⚜️ “Байтақ елім” патриоттық тақырыптағы сурет салу байқауы
⚜️ «Мөлдір бұлаққа арнау» жыр байқауы
⚜️ «Батырлар жыры комикс жанрында» байқауы
⚜️Экологиялық ертегі жазу байқауы
Байқаудың талаптары:
✔️Байқауға Астана қаласының мектеп оқушылары қатыса алады.
✔️Байқауға қатысатын жұмыстар 2022 жылдың 20 қарашасына дейін қабылданады. Жеңімпаздарды марапаттау 2 желтоқсан күні сағат 15.00-де Астана қаласы, Бөгенбай батыр даңғылы, 52 мекенжайындағы Орталық балалар және жасөспірімдер кітапханасында өтеді.
✔️Қатысушылар байқаудың эссе және ертегі немесе жыр жазу, сурет не комикс салу түрін таңдап, хаттың жоғарғы жағына «Астанада өтетін байқауға» деп жазып, байқауға ұсынған материалдар мен өзі жайлы ақпаратты (аты-жөні, қаласы, мектебі, байланыс телефоны) moldir_bulak@mail.ru электронды почтасына жіберуі керек.
Байқау қорытындысы:
✔️Байқау қорытындысы бойынша арнайы іс-шара ұйымдастырылып, І, ІІ, ІІ жүлделі орындар тағайындалады, жүлдегерлер сыйлықтармен марапатталады.
✔️Қазылар алқасы ЕҢ ҮЗДІК деп таныған екі шығарма иесіне «Мөлдір бұлақтың ЖАС ТІЛШІСІ» куәлігі табысталады.
✔️ Байқауға қатысқан таңдаулы шығармалар мен суреттер журнал бетіне жарияланады.
✔️ Байқау жүлдегерлері жайлы ақпарат «Мөлдір бұлақ журналына және «Qazaqstan Dauiri» газеті мен «Елана» сайтына жарияланады.
Байқау жайлы толық ақпарат білгіңіз келсе, келесі телефондарға хабарласыңыз:
+7 (701) 569-33-55 Тілекгүл Есдәулет
+7 (771) 124-87-51 Сандуғаш Нұрқанова
Құрметті жас өрен!
Зияткерлік байқауға қатыс та, жеңімпаз атан!
Саламатсыздар ма ұлымды қатыстырайынба дегем