Бәйге мен көкпардан республикалық турнир өтті
Астана қаласында 10-12 қазан күндері «Қазанат» атшабарында Республика күніне және Қазақстан Республикасы мәслихаттарының құрылғанына 30 жыл толуына орай Ұлттық ат спорты фестивалі аясында бәйге жарыстары және көкпардан ересектер арасында Солтүстік аймақтың шабандоздарына арналған республикалық турнир өтті.
Ұлттық спортты дамыту арқылы салауатты өмір салтын насихаттау және көкпардан үздік спортшыларды анықтау мақсатында өтетін турнирге бүгінгі күнге дейін 7 команда тіркелді.
«Көкпарға қазіргі таңда бас аяғы 7 команда тіркелді. Атап айтқанда, Қарағандыдан 2 команда тіркелсе. Астана мен Ақмола, Павлодар, Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстарынан бірден команда тіркелді.
Турнир бағдарламасына сәйкес, 10 қазан күні, турнирдің алғашқы күні көкпаршылар, шабандоздар, атбегілер келіп орналасып, мандат комиссиясы мен төрешілер алқасының отырысы, жеребе тарту, жарыс аттарын алаңмен таныстыру іс-шаралары өтті.
11 қазан күні көкпардан топтық ойындар басталды. Ал 12 қазан күні көкпардан финалдық ойындар ұйымдастырылды. Көкпар ойынында жүлделі алты орын болды. Көкпар турнирінің жалпы жүлде қоры – 12 000 000 (он екі миллион) теңгені құрады.
Сондай-ақ фестиваль аясында бәйге түрлерінен сайыстар өтті. Яғни бәйгенің құнан бәйге, жорға жарыс, топ бәйге, аламан бәйге ұйымдастырылды. Жалпы бәйге бойынша бүгінде онлайн түрде 8 ат тіркелді. Оның ішінде «Аламан» бәйгеге — 5 ат, құнанға – 3 ат.
Бәйге жарыстарының жалпы жүлде қоры – 20 000 000 (жиырма милллион) теңге. Соның ішінде «аламан» бәйге ғана 5 орынға дейін жеңімпаздарды анықтады.
Көпшілік көз тіккен жүйріктер додасының ашылу салтанаты 12 қазан күні өтті. Көрермендер ұлттық ат спорты фестиваліне тегін кіре алды. «Қазанат» атшабарына № 303, 309 және 323 автобустар қатынады.
Г.Тұрлыбекова