Бағың жансын!

Д.Көпбосынов пен Қ. Бақалиева жастайынан терме-әншілік жолына түскен балғындар. Екеуі де Жаңарқа ауданы Е. Оспанәлібаев атындағы мектепте оқиды. Мектепаралық өнер сайысында, аудандық, облыстық дүбірлі жарыстарда тұғыры өрлеп келеді. Енді міне, республикада жасындай жарқ етті. Алматыда өткен «Асыл мұра» үшінші республикалық ән-би байқауында бағы жанды. Ақтамберді жыраудың термесін орындаған Дінмұхаммед Ш-орынды иеленді. Қолғанат дипломант атанды.
Қанат ЕСЖАНОВ.

ПІКІР ЖАЗУ