Бабалардан қалған мирас

Қолданбалы өнер – халық өмірінде ерекше орын алады. Бұл салада мектептегі еңбек пәнінің орны ерекше. Осы бағытта жүйелі жұмыс жасап келе жатқан ұстаздардың бірі — Бауымбекова Раушан. Ол көп жылдардан бері жемісті еңбек етіп келеді. Суреттегі сумоншақ, мата, қағаздан жасалған түрлі ою-өрнек сол сөзіміздің айғағы. Ұстазымыз «Мөлдір бұлақ» журналының жанашырларының бірі. Аяулы ұстаздың сыныбы өздерінің сүйікті басылымына 2010 жылға түгел жазылды.
Думан ТҰЯҚБАЙ.
Қарағанды облысы,
Ақтоғай ауданы, Сарытерек ауылы.

ПІКІР ЖАЗУ