Б ә р е к е л д і!
Халықаралық ЕХРО-2017 көрмесінің маңызын жазып, мемлекетіміздің болашағы туралы толғанған шығарма бәйгесі жеңімпаздарын марапаттау Алматы қаласында өтті. Марапаттауға барлық жеңімпаз оқушылар шақырылды. Алыс облыстағы оқырмандардан басқалары ата-анасы, ұстаздары, жанашыр жақындарымен түгел жиналды. Жиналған жүлдегерлерді «Қазақстан-ZAMAN» ЖШС-нің Бас директоры Серкан ХАСТҮРК қарсы алды.
— Қымбатты балалар! Ата-ана және ұстаз қауымы! Редакциямызға хош келдіңіздер. Ұл-қыздарыңыздың қуанышына ортақтасып, жолдың алыс-жақындығына қарамастан жеттіңіздер. Сіздерге алғысым шексіз! Бала – сіз бен бізді, яғни журнал мен оқырман арасын жалғап, осындай қуанышты сәтке бөлеп отыр. Әрине, біз мұндай жарасымды байланысқа қуаныштымыз!
Балалар, сендер мектепте өтетін барлық шараларда топ жарған үздік оқушы екендіктеріңді хаттарыңда жазыпсыңдар. Білім, өнер мен спорттағы жүрек жарды жетістіктеріңді де айтыпсыңдар. Енді міне, шығармашылық бәйгесінде дараландыңдар, — деп жеңімпаздарды құттықтап, марапаттауды бастап кетті.
Материалды дайындағандар: