Атақты аталар көп бізде
Қазақ тарихында айтылмай келген ақиқаттар, бағаланбай қалып қойған ұлы тұлғалар аз емес. Солардың бірі – Шығыс Түркістан әдебиетінің негізін салушы ұлт-азаттық идеясының ту ұстаушысы, әдебиетші, ақын, әнші, күйші – Шарғын Алғазыұлы атамыз. Ақын 1903 жылы 20 мамырда сол кездегі Жаркент уезі, Қожбанбет болысының 5-аулында, қазіргі Алматы облысы, Ұйғыр ауданы, Киров атындағы колхозда Ұзынтам деген жерде дүниеге келген. Ал 1920-1921 жылдары мектепте білім алды. Әдебиетті жанындай жақсы көретін. Кейін ақын үш жыл орысша оқиды. Одан кейін болыстық атқару комитетінің мүшесі болады. 1958 жылы Шарғын ақын ретінде кең танылды. Аймақтық, өлкелік газет, журналдарда өлеңдері, толғаулары жиі жарияланды. Шарғын атамыз 1959 жылы туған жеріне оралады. Еліне арнап көптеген жырларын жазды. Ақын атамыз 1988 жылы дүние салды. Ақынның 90 жылдығына орай аудан көлемінде ақындар айтысы өткен болатын. Сол айтыста танымал ақын Оразалы Досбосынов ағамыз бас жүлдені жеңіп алған еді-ау. Ақынның бүгінгі таңда екі көлемді кітабы шыққан. Атап айтсақ «Көш керуен», «Атамекен»… Қорыта айтсақ, біздің өлкеміз қасиетті жер. Бұл жерден кімдер шықпады? Мұқағали, Еркін, Бердібек… деп тізе беруге болады. Мақтаныш етер Шарғын атамыздың қатарға келіп қосылғанына дән ризамыз. Әсел ЖАНБОЛАТҚЫЗЫ. Алматы облысы, Райымбек ауданы, Талас ауылы.
«Шығыс Түркістан әдебиетінің негізін қалаушы» — деген артық болып қапты Бұл сөйлем ұят енді.