Ата сөзі
«Ана» сөзін есіме алғанда, М. Шаханов ағамыздың «Төрт ана» өлеңі ойыма еріксіз оралады. Соның бірі қасиетті Жер-Ана!
Табиғат – Ана. Жер – Ана. Отан – Ана.
Ана сөзінің қосарланып айтылуын¬да зор мəн бар. Яғни, адамды дүниеге əкелуші, оған махаббат сыйлаушы… бəрі-бəрі киелі ана өмірімен байланысты.
Жер – адамзатқа нəр, қуат беретін асыл қазына деп ойлаймын. Осы онжылдықта бір қария немересі Əлкенді ертіп барып, Астананы тамашалатады.
Əлкен сонда:
— Ата, қаладағы биік зəулім үйлер өте əдемі екен, – депті.
Сонда атасы:
— Иə, балам, осы əдемі қалаға не жетпейді деп ойлайсың?!.
— Есіл суы өте əдемі екен, бұлқынып ағуын қарашы! – деп таңданды Əлкен.
— Дұрыс, шырағым, суы бар жерде орман орнатуға болады. Мына «Жасыл ел» бағдарламасы дегенді естідің бе сен?
— Иə, иə естігенмін, ол не ата?
— Табиғат тағдыры – мына сенің, яғни, жастардың тағдыры. Ағаштың жемісін жеймін десең еңбек ет, түбіне балта шаппа. Табиғат – адамның күнкөріс көзі. Бірақ, оны ластауға шашуға болмайды. Ол – келешекте сенің несібең.
Осы Елордамыздың айналасына жастар өз үлесін қосып, бақ орнатты. Бұл да табиғаттың тағдырын қорғау. Сен де келешекте үлкен ер-азамат болып, туған жеріңе, еліңе қамқорлық жасап, табиғатты аялап, туған жерді көркейтуге үлес қос. Осы сөзімді есіңнен шығарма, қарағым! – деп қария сөзін аяқтады.
«Табиғат тағдыры – ұрпақ тағдыры» — демекші, өсіп келе жатқан біздер, яғни, жастар табиғатымызды ластамай, Жер-Анамызды қорғап, аялап ұстасақ сонда ғана біздің Отанымыз — Қазақстан Рес-публикасы көркейген, мықты да əсем мемлекет болады деген ойдамын.
Гауһар СƏРСЕНБЕКТЕГІ.
Жамбыл облысы,
Құлан ауылы.