Ата-ананың сөзі неге өтпейді?

19bet_f4

— Апа, мен салған суреттерімді қараңызшы! Саси, Какоши, Гора, Брокли, Скура, Хината.
— Балам, бұлар кім?
— Апа, Сіз білмей қалдыңыз ба? «Наруто» ғой…
«Наруто» — шығыс халқының балаларға арнап шығарған мульт-фильмі. Баламмен отырып, көріп шықтым. Жоғарыда атап өткен есімдер фильмнің кейіпкерлері. Төбелес, қырып-жою, бір сөзбен айтқанда сиқырлы дүние. Шетелдік мультфильмдерге тән нәрсе. Ұлыммен бірге оқитын балалардың ата-анасына қоңырау шалдым.
— Иә, қазір ұлдар үшін «Наруто» халықтық кейіпкерлермен бірдей болды, қыздарымыз үшін «Ранетки» — өнегедей болып алды. Соларға еліктеп, киімді де солай кие бастадық. Шашты да солай қиямыз, — дейді.
19bet_f3— «Нарутоны» қайтесің шырағым, менен ақыл сұрағанша, анау теледидардан берілген жындарды тыйып алмайсың ба, — деді қария кейіп.
— Біз жұмыстамыз. Балаларымыз үйде көретіні «31» телеарна. «Моя прекрасная няня», «Дом-2», «Ранетки»… Фильмді көрме деп, мультфильм-дерді қоя қойсақ, олар да жетісіп тұрған жоқ.
Қай ата-анамен тілдес-пеңіз, айтатыны — балалар көретін фильмдердің бала тәрбиесіне кері әсер беретіні. Шынында солай. Мектеп жасындағы балаларға өнеге беретін, ұлттық рухын көтеріп, жаманнан жирендіретін сес жоқ. Осыдан кейін келіп, балаларға не деп кінә артамыз? Отбасындағы, бала бақша мен мектептегі өнеге мәнсіз. Мағынасыз нәрселер көлеңкелеп барады.
Балаларымыз фильмнің кейіпкеріне еліктейді, солардың істерін қайталайды. Сөйтіп келеді де бір-бірімен төбелеседі. Көргендерін қайталайды. Ұл-қыздарымыздан осындай істерді көріп, балаларға риза болмаймыз. Ал, өзіміз үлкендер тарапынан балаларымызға «оқы», «білім ал», «адам бол», «қызмет істе», «бай болуға тырыс» дейміз. Біздің ауызша сөзіміз ұландарымыздың құлағына сіңіп, зердесіне жеткенше, шетелдік дүниелер жүрегін жаулап, басын айналдырып үлгереді.
Ойланып көрейікші, балаларға қандай жақсылық сыйладық? Ізгілік нұрын сеуіп келеміз бе? Айтқан сөзіміз, уәдеміз неге іске аспайды? «Нарутоларды» сатып алуға кеткен қаражатқа қазақ тілінде дәл сондай дүние шығаруға неге болмасқа.
Шетелдік фильмдер, балалар фильмдерінің дискілері кез келген бұрышта, қуыста сатылады. Кім байып, кімнің рухани жандүниесі азып жатыр. Шетелге кеткен ақшаларға ұлттық кинофильмдерді сатып алсақ, ұтпас па едік. Дейміз де қоямыз. «Ит үргенше таяқ ал» деген нақыл бар. Біз таяқ іздеп жүргенде, итіміз талай баланы қауып үлгерді. Онсыз да шетелдік дүниелер жасөспірімдер мен балалардың рухани жандүниесін қаба бастады.
Жанастан КУЧУКОВА.

ПІКІР ЖАЗУ