Асылхан мен күшік

Айнала аппақ, жапалақтап қар жауып тұр. Асылхан үйірмеден келе жатып, жолдың бойынан күшікті көрді. Күшік жаурап, дірілдеп отыр еді. Ол қасынан жаймен өте беріп еді, күшік артынан ілесті. Асылханның қолында қолшатыры бар еді, ол жаураған күшікті аяп, қолшатырын ұсынды. Аз уақыттан кейін Асылханның өзі қар астында қалып, тоңа бастады. Күшікті көтеріп, мойнына отыр-ғызды да, қолшатырды өзі ұстап, жауған қарды елемей үйіне тартты.
Аминат АМАНҒАЛИЕВА.
Орал қаласы.

ПІКІР ЖАЗУ