Асықпаған асыл сөз табар

muzafarЗәуре әлі шәкірт бола тұра,ұлы Абайдың қасиетті қадірін жақсы сезеді екен. Сол сезімін өлең өрнегіне оңды түсірген. Ақындық асқарына алқынбай тарта бер, көп оқы, туған елді көп арала, тамашаны тани бер.
Азаматтың өтірік өлеңі еріксіз езу тартқызады. Балмұздақ ұғымын тілді күйдіруге жанастыру үшін қиял ұшқырлығы керегі аян. Талабың жансын! «Мөлдір бұлақ» журналына осындай тапқыр өлеңдеріңді жолдап тұр.
Айдана сүйікті журналы «Мөлдір бұлаққа»  деген ыстық сезімін ұтымды суреттей біліпті. Әр кез ақындықта жолың  ашыла түссін.
  Мұзафар ӘЛІМБАЙ, 
ақын,
Халық жазушысы.

ПІКІР ЖАЗУ