Астанада “Талаптыға нұр жауар” атты шығармашылық байқауы өтті
Жылдың басында Президент жарлығымен 2022 жылды «Балалар жылы» деп белгілеген болатын. Жыл бойы ел көлемінде көптеген шаралар, нақтылы жұмыстар атқарылып келеді. Әр мекеме өз қабілет қарымына сай шаралар өткізіп жатыр. Бізде сол қатарда Балалар жылына үлесімізді қосып бірнеше мәрте шығармашылық байқаулар өткіздік. Белгілі қоғам қайраткері, ұлт жанашыры, “Қазақстан дәуірі”, “Мөлдір бұлақ” республикалық балалар журналының, “Ел-Ана” сайтының бас құрылтайшысы, ҚР еңбегі сіңген қайраткер Сәуле Мешітбайқызының бастамасымен, “Мөлдір бұлақ” журналының 20-жылдық мерейтойына орай, алдында ғана Алматы облысы бойынша Бас кітапхананың қолдауымен «Мөлдір бұлақ — ұрпақ тәрбиесі» атты байқау өткіздік. Енді міне, редакция ұжымы Астанада “Талаптыға нұр жауар” атты шығармашылық сайыс ұйымдастырған болатын.
Шара Республикалық “Қара шаңырақтың”, “Сенімен болашақ” РҚБ, Астана қаласы бойынша Орталықтандырылған Балалар және жасөспірімдер кітапханасының қолдауымен өтті.
Сайыста 5 номинация болды.
1. Экологиялық ертегі жазу
2. “Мөлдір бұлаққа” арнау өлең
3. “Мен “Мөлдір бұлаққа” жетекшілік етсем, қандай өзгеріс енгізер едім” тақырыбында эссе жазу
4. “Байтақ елім” сурет байқауы.
5. Батырлар жыры комикс жанрында, деген жанр түрлері бойынша бір ай бойы хабарландыру жасалды. Осылайынша жүздеген шығарма келіп түсті. Жиналған еңбектерді қазылар қарап шығып ең үздіктеріне орындар белгіленді. Сол бойынша сайыстың жеңімпаздарын марапаттау рәсімі Астанадағы балалар мен жасөспірімдер кітапханасында 2-желтоқсан күні өтті.
Іс-шара “Елорда билері” кеңесінің мүшесі, ардагер ұстаз Қажымұрат Нәсиұлының жас өрендерге ақ тілегімен басталды.
Іс-шараның арнайы қонақтары Мүфтияттан шығатын “Мұнара” газетінің Бас редакторы, балалар ақыны, көптеген кітаптардың авторы Серікбол Хасан, «Ахмет Байтұрсынұлы атындағы ғылыми академияның» қызметкері Темірлан Жорабаев сөз сөйледі. Редакция ұжымынан Дәулетбек Байтұрсынұлы, Нағашыбай Қабылбек, Ерғазы Сейітқали, Тілекгүл Есдәулет, Тұрар Сәттарқызы, Балжан Алжанова қатысып ұстаздармен, ата аналармен пікір алысты. Олар бала тәрбиесімен кітап оқудың бірлестіріле жүргізілуінің абзалдығы туралы өз ойларын ортаға салды. «Мөлдір бұлақтың» оқушылар арасындағы ықпалының жоғары екенін атап айтты.
Рухани іс-шарамыздың басты қолдаушылары: “Сенімен болашақ” РҚБ қызметкері Самал Жарова, Орталықтандырылған балалар және жасөспірімдер кітапханасының маманы Сағыныш Дүйсенқызы жылы лебіздерін білдірді. Олар «Бұл шара балалардың шығармашылық белсенділігін арттырады, өнерге өріс ашады, журналдың оқырманын көбейтеді» деді. Соңында жүлделі орындарға ие болған балаларға сыйлықтар табысталды.
ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ЕРТЕГІ бойынша:
1-орын: Жамбыл облысы Талас ауданы Қаратау қаласының М.Әуезов атындағы мектебінің оқушысы Бақытжан Райанаға,
2-орын: Кемал Ақышев атындағы N69 мектеп-гимназияның оқушысы Марат Сүлейманға,
3-орын: Қалалық N60 мектеп-гимназияның оқушысы Бердібаева Ханифаға бұйырды.
АРНАУ ӨЛЕҢ номинациясы бойынша:
1-орын: Абай Құнанбайұлы атындағы N87 мектеп-гимназияның оқушысы Нұрмахан Жансұлтанға,
2-орын: N60 мектеп-гимназияның оқушысы Тілеген Айсанаға,
3-орын: М.Мақатаев атындағы N74 мектеп-гимназияның оқушысы Базарбай Әминаға,
ЭССЕ ЖАЗУ:
1-орын: “Дарын” облыстық мамандандырылған N2 мектеп-лицейдің оқушысы Еркін Ақзадаға,
2-орын: А.Құнанбайұлы атындағы 87 мектеп-гимназияның оқушысы Есенаман Айаруға,
3-орын: Жамбыл облысы, Қордай ауданы, Бәйтерек ауылындағы Ж.Молдағалиев атындағы мектептің оқушысы Машанло Әсияға.
БАЙТАҚ ЕЛІМ сурет байқауы:
1-орын: А.Құнанбайұлы атындағы мектеп-гимназияның оқушысы Шадаева Томириске,
2-орын: А.Құнанбайұлы атындағы мектеп-гимназияның оқушысы Таңатар Ақнұрға,
3-орын: М.Мақатаев атындағы 74 мектеп-гимназияның оқушысы. Төребек Кәусарға.
КОМИКС САЛУ:
1-орын: Қалалық N38 мектептің оқушысы Данияров Аңсарға,
2-орын: Қалалық N38 мектептің оқушысы Даниярова Раминаға,
3-орын: А.Құнанбайұлы атындағы N87 мектеп-гимназияның оқушысы Қайпекова Әлияға бұйырды. Силықтарды жиналысқа келген ақсақалдар мен арнайы қонақтар тапсырып беріп, суырыла шауып, таңдалып келген шабандоздарға ақ жол тіледі.
“Мөлдір бұлақ” журналының Бас редакторы Дәулетбек Байтұрсынұлы журналдың “Жас тілші” куәлігін Астаналық Баян Дәулетқызы мен Қаратаудан келген Райана Маратқызына табыстады.
Іс-шарамызды әдеттегідей батагөй атамыз, қазылы қария Өтеген Айшуақов атамыз ақ батасымен аяқтады.
Оза шапқан ұл-қыздарымызға және осындай дарынды балаларымызды тәрбиелеп жүлделі орындарға жеткізген ұстаздарына диплом, алғыс хат, сыйлық табысталды. «Мөлдір бұлақ» журналының байқауы арқылы білімге құштар, шығармашылыққа бейім, өнерге жақын оқушылардың көп екенін байқадық. Әсіресе Ана тіліне құрметпен қарайтын жаңа буынның өсіп келе жатқанын көрдік. Бұл шара оқушыларға тың шабыт береді, журналдың таралуын арттыра түседі деген сенімге жетелейді. 2022 жылы балалар жылының старты десек, алдағы келетін әрбір жыл балаларды күн тәртібінен қалдырмауға тиіс. Өйткені бала тәрбиесі маусымдық науқан емес. Ол мәңгілік мақсат.
Шәкен Тұрар Сәттарқызы, Республикалық «Қара шаңырақ» РҚБ директоры, этноорния магистрі, ҚР журналистер одағының мүшесі