Армандар орындалады

«Бұл болмайды», «Бұдан ештеңе шықпайды», «Қоя сал, таста оны», «Жете алмайсың», «Саған ондай болу қайда»?.. Иә, осы секілді сөздерді бірнеше рет естіген шығарсың. Әрі мұның кесірінен бойыңда үрей, қорқыныш пен іштей сенімсіздік пайда болып, көптен бері армандаған, істеймін деп жүрген ісіңді соңына жеткізбей, жолдан тастап кеткен кезің де болған шығар. Бір істі қолға алғың келіп, дегенмен, айналамдағы жұрт не айтар екен деп, ата-анама, достарыма бұл жасап жатқан нәрсем ұнамаса қайтем деген, әркімнің пікіріне сүйеніп өмір сүру, нағыз ақымақтың ісі. Арманныңды орындау жолында өзгенің ойына, пікіріне тәуелді болу арқылы, орта жолда өз-өзіңді жоғалтасың. Өзгенің ойы сені ешқашан қызықтырмасын, өмір сенікі. Біреудің ойының сенің өміріңе кедергі келтіруіне жол берме. Ұзақ жылдар бойы кереметтей тұлға болып қалыптасуды, жеке кәсіп ашуды не болмаса әлемге атыңды танытып, жұлдыз болуды армандаған болсаң, онда бол!

Ертеңге қалдырма, дәл қазірден баста. Ең алдымен арманыңның орындалғанын көз алдыңа елестет, мақсат жазып, әр күніңе жоспар құрып, кем дегенде бір-екі қадам алға басу арқылы арманыңды орындауға жүре біл. Жас, досым! Мотивация ретінде өз армандарын орындаған ұлы тұлғалардың айтқан нақыл сөздерін естеріңізге салайын.

1. Біздің барлық армандарымыз орындала алады, егер оларды жүзеге асыруға батылдық болса. (Уолт Дисней)
2. Өзіңіз армандаған өмірді армандауға батыл болыңыз. Алға ұмтылып, армандарыңызды жүзеге асырыңыз. (Ральф Уолдо Эмерсон)
3. Алдымен армандар мүмкін емес болып көрінеді, содан кейін екіталай, ақырында сөзсіз. (Кристофер Рив)
4. Армандарыңыздан бас тартпаңыз, әйтпесе сіздің армандарыңыз сізден бас тартады. (Джон Вудин)
5. Сіз бастан өткеретін ең керемет шытырман оқиға – армандаған өміріңіз. (Опра Уинфри)
6. Әрбір ұлы арман ұлы армангерден басталады. Әрқашан есіңізде болсын: сізде жұлдыздарға жетуге және әлемді өзгертуге күш, шыдамдылық және құмарлық бар. (Харриет Тубман)
7. Адамдар өз армандарын ересек болғандықтан тоқтатады деген дұрыс емес, олар өз армандарына жетуді тоқтатқандықтан есейеді. (Габриэль Гарсия Маркес)
8. Кішкентай армандарды армандауға болмайды, өйткені олардың ерлердің жүрегін қозғауға күші жетпейді. (Иоганн Вольфганг фон Гете)
9. Үлкен жетістіктерге жету үшін біз тек әрекет етіп қана қоймай, армандап, жоспарлап қана қоймай, сенуіміз керек. (Анатоль Франция)
10. Біздің бәрімізде армандар бар. Бірақ, армандардың орындалуы үшін үлкен қайсарлық, жанкештілік, өзін-өзі ұстау және күш салу қажет. (Джесси Оуэнс)
11. Арманға қол жеткізе алмайтын жалғыз нәрсе бар: ол сәтсіздік қорқынышы. (Пауло Коэльо)
12. Армандар өмір үшін қажет. (Анаис Нин)
13. Таңертең тұру үшін сізде арман болу керек. (Билли Уайлдер)
14. Армандарды есту және қабылдау керек, өйткені олардың көпшілігі орындалады. (Paracelsus)
15. Мен, егер сіз шынымен қаласаңыз, барғыңыз келетін кез келген жерге жетудің жолдары бар екенін анықтадым. (Лэнгстон Хьюз)
16. Армандарыңыздың орындалуы үшін бәрін жасаңыз. (Джоэль Остин)
17. Біздің жүрегімізде сақталған армандар мен құмарлықтар біздің әлеуетімізді ашатын маңызды кілттер болып табылады. (Джон С. Максвелл)
18. Армандар, егер олар жақсы нәрсе болса, әрдайым аздап есі ауысады. (Рэй Чарльз)
19. Армандар – бұл ертеңгі сұрақтарға бүгінгі жауаптар. (Эдгар Кейс)
20. Мүмкін көп нәрсе жасайтындар көбірек армандайтын шығар. (Стивен Батлер Ликок)
21. Егер сіз өзіңіздің арманыңыздың бағыты бойынша сенімді түрде жылжып, өзіңіз ойлаған өмірде өмір сүруге ұмтылсаңыз, сіз күтпеген сәттілікке кезігесіз. (Генри Дэвид Торо).

 

Биік шыңға шығар жолда қиындықтар мен сәтсіздіктер кездеседі. Өйткені оңай жолда ешқашан бақыт пен жетістік болған емес. Иә, саған «Сенің бұл ісіңнен түк шықпайды»-деп, айтатындар болады. Алайда, ештеңеге көңіл бөлме. Себебі, сені арманыңа барар жолда адастыратындар өздері кезінде сол жолмен жүруге, мақсатын орындауға қорқып, арманына ешқашан қол жеткізе алмаған адамдар. Ал, өмірде көп жетістікке жеткендер әркез саған қолдау көрсетіп, үлкен сенім артады. Қорықпа, бұл әлемде мүмкін емес нәрсе жоқ. Мықты бол! «Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар» болып, озғың келсе, өз-өзіңді қамшыла! Өмірде шектеу жоқ. Армандар орындалады! Мен саған сенемін! Егер бізден харакет басталса, басқаларда сөзсіз сенеді.

Дильназ Мухаммедова,
жас тілші

ПІКІР ЖАЗУ