Арақ — харам

12bet_f24Қазіргі қоғамда он сегізге толмаған жеткіншектерімізді аузында темекі, қолында шайтан суынсыз елестете алмайтын дәрежеге жеттік. Той-томалақ, жиындар да арақ-шарапсыз өтпейді. Дегенімен, Құран аяттарында үзілді-кесілді қайтарған, тыйым салынған харам нәрсе – арақ бірінші орында тұр.
Ана, әкені былай қойғанда, жасөспірімдер арақ ішуді ержеткендік деп ойлай ма? Оның тағдыры өзін, ата-анасын неге алаңдатпайды?
Қанша айтсақ та, бұдан шыққан нәтиже қайсы? Шайтан суының тамырын шабатын күн қашан туар екен?
— Бұл сауалдың салмағы да күрделі,
Дертті жазбай баса алмаспыз ілгері.
Маскүнемдік жойылғанда мәңгілік,
Ел боламыз, ұлт боламыз іргелі.
Бақытгүл МОЛДАХМЕТОВА.
Алматы қаласы.

ПІКІР ЖАЗУ