Әр күнде – әдемі мақсат

«Кабуснамада» аптаның жеті күніне орай мақсат-міндеттері айтылған екен, осы әр күннің қасиетіне көз жіберіп ұғынып қарайық:

Дүйсенбі: Бүгін айналамдағы өмір толқынына араласып, өз қалауыма бұрылмастан, болып жатқан оқиғалар ықпалына берілемін. Өмірді сол  күйінде қабылдап, тірлік талабына сай әрекеттер жасаймын!

Сейсенбі: Бүгін бәріне мейірімділікпен қараймын. Адамдардың мінез-қасиетін сол болмысымен қабылдап, өзгертуге ұмтылмаймын.

Сәрсенбі: Бүгін өз достарымның ой-пікірлерін тыңдап, кеңес беруге  асығамын. Өз жүрегімдегі сырларыммен де бөлісемін.

Бейсенбі: Бүгін өзіме ұнамайтын нәрселердің жақсы жағын табуға тырысамын. Өмір – ғажайып әлем!

Жұма: Бүгін өз достарымның бойындағы тамаша қабілеттерді тануға ұмтыламын.

Сенбі: Бүгін өмір шаттығы туралы ойланып, әсерлі сезімдер ықпалында боламын.  Қуаныш бақытын сезіну аптадағы әр күннің мәнділігін сезінуде.

Жексенбі: Бүгін мен өмір қиындықтарынан жасымай, әдемі әлемге жетуге болатынын ойлаймын! Мен адамдарға, өмірге ғашықпын және өзіме де бүкіл жұрт осындай көзбен қарайтынына нық сенімдемін. Байқайсыздар ма, мен өзгелерге ұқсамаймын!

Әр күніңді – әдемі, көркем өмір жаһұтынан құр қалмай, көңілді өткізейік!

Баспасөз беттерінен жинастырған:

Елдос ТОҚТАРБАЕВ.

Арқалық қаласы.

ПІКІР ЖАЗУ