Әр баланың өзі басқара алатындай өз ақшасы болуы керек
Балалар ата-анасының көрсеткен үлгісіне қарап үйренеді. Қаржылық сауаттылық саласы да бұдан тыс қалмайды. Егер ата-анасы ақшаға жауапкершілікпен қараса, оны сауатты бөле білсе, онда бала да дәл осы «бағдарламаны» меңгереді. Алайда тақырыпты нығайтуға, ақша әлеміне жылдам бейімделуге көмектесетін бірнеше лайфхак та бар:
Сарапшылардың пікірінше, 6 жастан асқан баланың өзі басқара алатындай өз ақшасы болуы керек. Баланың «резервін» аптасына бір рет толықтырып отырған дұрыс, сонда бала ақша жинау идеясының мәнін түсіне алады.
Балаңызға қалаған затын алуға ақшаны қаншалықты тез жинай алатынын есептеуге көмектесіңіз. Мысалы, қалтапұлдың 10 %-ын кейінге қалдыруға, бұл жағдайда арманындағы нәрсеге жинауға болады, қанша уақытта жинап алуға болатынын түсіндіру керек.
Ересектер сияқты балалар бәрін бірден қалайды, бірақ бұл мүмкін емес. Балаңызбен бірге басым мақсаттарды белгілеп, оларды есіне салып отырыңыз. Бұл міндетті тілектер тізімі шешеді. Бала армандағанының бәрін қағазға түсірсін. Ересек адам оған ең қалаған нәрсесінен бастап кейін қалдыруға болатын нәрсесіне дейін жазып шығуға көмектеседі. Тізімді көрінетін жерге, мысалы, жұмыс үстелінің үстіне іліп қоюға болады.
Бүлдіршіндер үшін дүкен немесе мейрамхана ойындары қолайлы. Үлкенірек балаларға тақырыптық үстел ойындарын, мысалы, «Монополия», «Ақша» немесе «Ақша ағыны» ойындарын ұсынуға болады.
Смартфонды меңгерген балалар кіріс пен шығысты жазып отыру үшін қосымшаларды қолдана алады. Бұл теорияға немесе қағаздағы кесте түріндегі тәжірибеге қарағанда қызықтырақ. Бала отбасы сатып алатын барлық затты санаттарға бөлсін. Бұл оған ақшаның қандай қажеттіліктерге жұмсалатынын, мұның қандай сома екенін түсінуге көмектеседі, ол ересектердің басым мақсаттарын ұғынады.
Қаржылық сауаттылық пен қаржы мәдениеті мәселелері қозғалатын ҚР-дағы танымал мультсериалдарға да назар аударыңыз. Мысалы, шығын және жалпы ақша мәселелеріне арналған тақырыптық сериялар «Фиксики» мультфильмінде бар. Мультсериалдар ақпаратты бала үшін барынша түсінікті ойын түрінде ұсынады.
Балаларды әдеті – көрген нәрселерін қалау. Бірақ мұндай заттардың көпшілігін күтпеген жерден сатып аламыз. Олардың алдын алудың бір тәсілі – кідіріс. Сатып алуды бір күнге кідіртуге келісіңіз: егер ол керек болмай қалса (ал мұның солай болуы әбден мүмкін), ақша сақталады. Айтпақшы, осы себепті баланың жинаған ақшасын өзіңізбен бірге дүкенге апармауыңыз керек: егер ақша өзіңізде болмаса, онда бірдеңе сатып алу да мүмкін емес. Бұл баланы ақша жұмсауда неғұрлым ұстамды болуға үйретеді.
Балаға қаржылық сауаттылықты үйретудің тағы бір маңызды аспектісі – ата-аналармен үнемі диалог жүргізу. Балалардың сұрақтарына жауап беріңіз, отбасындағы қазіргі жағдай туралы айытыңыз, сатып алатын заттарды талқылаңыз, заттарды бірге таңдаңыз, қарыз және кредит сияқты күрделі тақырыптардан бас тартпаңыз. Бұларды білу барлығы әлемнің біртұтас бейнесін қалыптастыру үшін маңызды, ал бала мұны негізінен ата-анасынан ала алады. Қазақстан халқының айтарлықтай ақша жинағы жоқ. Бұл қаржылық сауаттылықты арттыру қажеттігін анық көрсетеді. Бұл білім қолайлы өмір сүруге, қажетті және маңызды нәрселерге жету үшін ақшаны бөле білуге, қарыз алудан аулақ болуға және қауіпсіздік көпшігін қалыптастыруға мүмкіндік береді. Балалар үшін қаржылық сауаттылық – сыни ойлауды дамыту тәсілдерінің бірі, сондай-ақ болашаққа салынатын үлкен инвестиция. Қаржылық сауаттылықтың тек ересектер үшін ғана емес, балалар үшін де жақсы өмір сүрудің маңызды шарты екеніне назар аударыңыз. Бұл дағдылар балаға болашақта ақшамен дұрыс жұмыс істеуге көмектеседі. Қаржысын қалай басқаруды білетін балалар өздеріне сенімділігі артады. Бұл – олардың болашақтағы қаржылық еркіндігінің кепілі.
Әділет Қабиденұлы, «Мөлдір бұлақ»