Анаксагордың даналық ойлары:

Біреуден: «Дүниеге не үшін келдің?» — деп сұрағанда, «Ай мен күнді, аспанды бақылау үшін келдім» — деп жауап беріпті.
Галикарнастың озбыр билеушісі Мавсолдың мазарын көріп: «Қымбат мазар екен, бұл — тасқа айналған байлықтың белгісі ғой!» — депті.
Оған: «Сен енді афиналықтармен араласу мүмкіндігінен айырылдың» дегенде, ол: «Жоқ, олар менімен араласу мүмкіндігінен айырылды», — депті.
Адам қолы бар болғандықтан, жан-жануар, бар хайуанаттардың ішіндегі ең ақылдысы болып табылады.
Күн дегеніміз — Құдай емес, лаулап жанған алып жартас.
Аспан дегеніміз толған тас, қатты айналым нәтижесінде бірін-бірі ұстап тұр. Егер қозғалыс сәл саябырласа, аспан жерге құлап түседі.
Адамның барлық әрекеті кездейсоқтықтан туындайды.
Әрбір зат құрамында не басым болса, соның атымен аталады. Мысалы, заттың ішінде алтын көп болғандықтан бізге алтын сияқты боп көрінеді, бірақ оның құрамында бәрі де бар.
Сезінуіміздің әлсіздігінен ақиқатты танып-білуге дәрменсізбіз.
Әрбір зат өзінше әрі үлкен, әрі кішкене.
Үлкеннің де, кішінің де бөлшек саны бірдей.
Тірі жан сияқты табиғатта да ақыл-сана бар.
Өсімдіктер де тірі жаратылыс. Олардың да сезімі бар, қайғырып, қуанады. Оны жапырақтардың қозғалысынан білуге болады.
Сезім — алдамшы. Су бізге мөлдір сияқты елестейді, ал шын мәнінде ол қара: өйткені, ағаштың суынан шыққан түтін қара емес пе? Сондай-ақ, қар да бізге ақ боп көрінеді, ол судан пайда бо-лады, ал қардай аппақ суды кім көріпті?
Айнала қаптаған қара түнек. Дүниені білім емес, пікір ғана жаулаған. Қай нәрсені алып қарасақ та ол туралы біздің білеріміз тек өзіміздің жорамалымыз ғана.
Найзағай — бұлттардың үйкелісі. Жер сілкінісі жер қойнауында ауаның қайтадан пайда болуы.
Құс жолы — күн сәулесіне шағы-лыспаған жұлдыздардың көлеңкесі.

ПІКІР ЖАЗУ