Алыстан ат арылтып…
Жуырда өзінің сүйікті журналының редакциясы қызметкерлерімен жақыннан таныспақ ниетімен бірнеше оқырманымыз келген еді.
Сол қонақтарымыздың бірі Нүрилə ӨМІРЗАҚ. Нүрилə Қызылорда қаласындағы № 140 орта мектептің шəкірті, «Мөлдір бұлақ» журналы-ның тұрақты оқырмандарының бірі.
Екі ұлды жетектеп, қолына журналымызды
ұстап алған азаматпен таныстық. Ерғали СҮЙІНБАЕВ Жамбыл облысы, Байзақ ауданы, Жақаш ауылынан А.Суханбаев мектебінің 4-сынып оқушысы, журналдың сүйікті оқырманы Мунираның бір топ өлеңдерін əкеліп тапсырды. Інілері
Ерасыл мен Даниал да бірге келген. Мунираның үлкен сəлемдемесі мен оның шығармаларын, суреттерін ала келген екен. Олар қуаныштарымен бөлісіп, естелікке
суретке түсті.
Ат басын терлетіп сонау Оңтүстік Қазақстан облысы, Сарыағаш ауданы, Абай ауылынан жас тілшіміз Фариза АЙТІЛЕУОВА да сүйікті журналын іздеп келіпті. Фариза
2006 жылдан бері журналдың бəйгелеріне қатысып, «Мөлдір бұлақтың» «Алғыс хатын», «Асқақтаған Астана» бəйгелерінің жүлделерін жеңіп алған. Ал 2007 жылы «Дос — өмірдегі тірегің» аламан бəйгесінде 1-орынның жүлдесі түрлі түсті теледидар ұтып алып, тағы да ерлепті. Бұл бағалы жүлде Сарыағаш аудандық білім басқармасында ғылыми жоба жарысына қатысуға келген 140 мектептің ұстаздары мен оқушыларының алдында тапсырылып, Фаризаның мерейі одан сайын үстем болған. Фариза сондай-ақ «Мөлдір бұлақ» журналында бірнеше хат-мақалаларымен жас тілші ретінде танылып, журналына бауыр басқаны сондай,
ағасы Олжаспен бірге əдейілеп келіп,
қонақ болды