«Алты ауылдың» айшықты тойы

12bet_f31Талғар ауданы, Панфилов ауданындағы жаңадан ашылған «Ветерок» балабақшасындағы Наурыз тойға барғанда, тұрғындары кішкентай балалар болып келетін шағын ауылдың тойын көреміз деп ойлағанбыз. Қателескен екенбіз. Балабақша алдындағы жасыл алаңда алты киіз үй, яғни балдырғандардың алты ауылының үстінен түстік. 
Балабақша тәрбиеленуші-лерінің алты тобы «Абай», «Ыбырай», «Жамбыл», «Әйтеке би», «Түркістан», «Отырар» ауылы болып ұйысып, мерекені дүркіретіп қыздырып әкетті. Әр топ мерекелік ән-күйлерімен бірге ұлттық нақыш, ұлттық бай дәстүрімізден көріністер дайындап келіпті. Балалар әже, аталарымен бірге «Бесікке салу», «Тұсау кесер», «Шілдехана, ат қою»,
12bet_f14«Алтыбақан» эпизодтарын көрсетіп, «Қыз қуу», «Ақ серек, көк серек» ойындарымен ұлттық рухымызды бір көтеріп тастады. Ал енді балдырғандар бәрі бірігіп, ұлттық киімдерімен айшықтала «Қаражорға» биін билегенде ата-аналар мен қонақтар дүркірей қол соғып жатты. Бұл мерекеден балалар ғана емес, үлкендер де үлкен әсер, тағылым алғандай болды.
Осындай айшықты мерекені ұйымдастыра білген балабақша меңгерушісі Сәнім Бокетова мен әдіскер Т.Чудабаева, тәрбиешілер Ж.Балахан, А.Асқарова, Т.Босоногова, Е.Филиппова, Б.Нұрахынова, Г.Қайбұллаевалардың еңбектеріне ризашылығымызды білдірдік.
Бетті дайындаған: К. КӨКТЕМҰЛЫ.
Алматы облысы.

ПІКІР ЖАЗУ