«Алматы — менің махаббатым»
Қыркүйек айында «Алматы – менің алғашқы махаббатым» атты ретрофестиваль өткен болатын. Концерттік бағдарламаға еліміздің танымал әншілері мен жас өнерпаздары қатысты. Сондай-ақ, шетелдік әншілер де қонақ болып қатысты. Ресейдің шоу-бизнес жұлдызы, әнші Филипп Киркоров пен Дариға Назарбаева бірге «Влюбленная душа» әнін шырқады.
Айта кетейік, аталған ретрофестивалдің алғашқы ұйымдастырушысы Дариға Нұрсұлтанқызы болатын.
Бетті дайындаған Адина ЕРҚАРАЕВА.