Әлемді аузына қаратқан Қазақстандық жас таланттар

    Дүниежүзін таңқалдырып, көптеген балалардың ішінен оза шапқан жастар қалай көзге түсті? Қазақ халқы олардан не күтеді? Әлемді аузына қаратқан еліміздің дарынды 5 баласына тоқталайық.

                              Адина Манатбекова

Ресейдің «Ерекше адамдар» жобасының әділқазыларын таңғалдырған Алматылық Адина Манатбекова 35  секундта 18 бетті, ал минутына 132 000 сөзді 100 пайыз түсініп оқиды.Ол өзінің берген сұхбаттарында тәжірибесімен бөлісті: мен тез оқумен айналыспай тұрып кітап оқуды ұнатпайтынмын. Ал қазір  5 күнде 18 томдық кітапты оқып тастаймын. Мен кітапты оқығым келмесе де анам мені жылдам  оқуды үйрететін үйірмеге қатыстырды. Сол үшін қазір анама рахмет айтамын. Алғашында бір кітапты бірнеше рет оқыдым.Одан кейін 2 жолды бірақ оқуды үйрендім,сосын 3,4,5,6жолды. Аяғында 1 бетті бірақ оқып оның мазмұнын толық түсіндім.

Адина Алматыдағы №135 мектепте 10-сыныпта оқиды. Сүйікті пәндері — химия, биология. Болашақта дәрігер  болғысы келеді. Ол тек тез оқумен ғана айналыспайды, сонымен қатар фортепианода ойнап, спорттық балет биімен және тігін өнерімен де айналысады.

                                Абзал Мырзаш

Алматының №136-мектебінің түлегі Абзал Мырзаш 12 жасында 11-сыныпты жақсы үлгеріммен бітіріп, Қазақстанның рекордтар кітабына енген.

Әке-шешесінің айтуынша Абзалдың 1 жасында есте сақтау қабілетінің жақсы екенін байқаған. Ол 4 жасында оқуды, санауды, тіпті екі таңбалы сандарда ойша көбейтуді білген. Содан бастап ата-анасы балаға  кітаптар мен энциклопедия ала бастаған. Абзалдың анасы Жазира Доскеева: «Жәшіктен үй жасағаны есімде. Одан кейін маған: «Анашым, сен білесің бе, мен үйдің аумағын есептеп шықтым, бұл деген жаңалық қой!»деді. Әрине, мен оны тырысқаны үшін мақтадым. Әкесі оған энциклопедия алып беретін, ал ол бәрін мұқият оқып, зерттейтін!» — деп жымия еске алады.

Ол бір жылдық білімді екі тоқсанда тәмамдап отырып, он екі жасында он бірінші сыныпты бітірді. ЕНТ-дан 140 баллдың 117-сін  жинап, Қазақ-Британ университетінің IT- технология мамандығына грантқа оқуға түсті.

                           Жансая Әбдумәлік

2000 жылы қаңтар айының 12-жұлдызында туған қазақ шахматшы қызы, әлем бойынша ең жас гроссмейстер (гроссмейстер — шахмат және дойбы ойындарындағы ең жоғарғы дәреже), шахматтан екідүркін әлем чемпионы.

Алғашында Жансаядан ерекше дарын байқалмаған. Оның үлкен ағасы Санжар кәсіби түрде шахматпен айналысқан, ал оның  қарындасы жанынан шықпайтын. Анасы қызының шахматқа қызығушылығын байқап оны спорт мектебіне берген. Жансаяның алғашқы бапкері Тамара Трудова бірінші үйірмеден-ақ оның ерекше дарынын байқаған. Бапкердің үміті ақталып, Жансая  Вьетнамда өткен әлем чемпионатынан бас жүлде алып келеді, одан кейін Түркияда өткен чемпионатта жеңіп шығады. Ерекше дарынды қыздың сұхбаттары ең атақты шығарылымдардың бетінде жазылды.

Жансая бір сұхбатында: «Мен бала кезімде әр жеңіліс үшін жылайтынмын, қазір мен эмоциямды басқаруды үйрендім, бұл маған партияда жеңуге көмектеседі»,-деді.

                                   Данэлия Тулешова

Данэлия Тулешова — «Украина балалар дауысы» байқауының бас жүлдегері.

Негізі Данэлияның ұлты қазақ. Оның ата-анасы қызының аты неге Данэлия екенін былай түсіндірді: «Негізі біз қызымыздың атын Дәнел деп қойғымыз келген, бірақ куәлікке рәсімдеу кезінде қате кетіп, Данель — Данэлия болып кетті».

Ол  жастайынан ән айтуға қызыққан. 4 жасынан бастап үйінде караокеде ән айтуды жақсы  көрген. Жас әнші ән айтуымен шынайы тек 2016 жылы Наталия Чураковамен кездескеннен кейін бастаған. Және де оның дамуына әкесі Жанбол Тулешов көп үлес қосқан. Ал 2017-жылдың мамыр айында Данэлия Алматыдағы атақты мұғалім Мария  Струевадан білім алып, әнді нақышына келтіре орындай бастады.

                                   Жамбыл Дүйсенов

Жамбыл Дүйсенов 7 жасында Қазақстанның Гиннес рекордтар кітабына енгізілген, үш кітап жазған жас ақын. Ол 2 жасында әріп танып, 5 жасында анасы мен әжесіне арнап өлең жаза  бастаған.

Жамбыл Алматы қаласындағы Бауыржан Момышұлы атындағы №131-мектеп лицейге қабылданып, алғашқы жылы-ақ бірден екі сыныпты аяқтап, үшінші сыныпқа ауысқан. Осылайша Жамбыл 14 жасында мектепті бітіріп шықты. Ол өлеңдер жазып, көптеген байқауларда жеңімпаз атанды. Ал, халықтың арасында 7 жасқа толған уақытында «7 жасар Жамбыл», «Жас Жамбыл» деген атқа ие болды.

Жас ақын халқымыз, еліміз,а на тіліміз  жайлы көптеген өлең жазған. Халық алдында есеп беру кештерін өткізген.

 

Дайындаған — Жасұлан САЙЛАУБЕК.

 

ПІКІР ЖАЗУ