Әке
Әкем менің асқар тауым, тірегім,
Бәрінен де сен қымбатсың білемін.
Қанат қағып, кетсем алыс қияға,
Сен деп соғар жұдырықтай жүрегім.
Әйгерім БОТАЕВА.
Алматы облысы,
Райымбек ауданы.
Күз
Құстар көкте самғайды,
Жапырақтар сарғайды.
Жақсы оқитын балалар,
Жамандыққа бармайды.
Әлішер ҚАБДОЛДАНОВ.
Алматы облысы,
Қарасай ауданы,
Шамалған бекеті.
Өтірік өлең
Мұның өзі бір нұсқа,
Кезікті алдан құмырсқа.
Құмырсқаға мініп ап,
Жетіп бардым жұмысқа.
Зарина ӘБЖАЛҒАС.
Қызылөзек ауылы.