Айнұрдың мәрттігі

Айнұр Тұрсынбаева айтыс төріне осыдан 20 жыл бұрын келген. Осы уақыт ішінде талай адуынды ақындарды ұтымды ой, орақ тілімен жеңе білген ақын 34 көлікті қанжығасына байлаған.
Бірақ, жүрегі нәзік, қайырымдылыққа жаны жақын Айнұр бұл көліктерді басқа біреулерге сыйлаған сәттері аз болмапты. Солардың ішінде, оңтүстікте айтысқа шығып, бірінші орын алған балаға бас жүлдесін сыйға тартып, шексіз қуанышқа бөлеген.
Айнұр Тұрсынбаева өнерде де, өмірде де бағы жанған ана. Отбасында бір қыз бен ұлы ержетуде.

ПІКІР ЖАЗУ