Айбектің аяқ алысы

Айбек Жанатұлы — каратэмен шұғылданып, жақсы көрсеткіштерге жетіп жүрген жас спортшы.
Алматы қаласындағы № 58 мектептің 4-сыныбында оқиды. Жаттықтырушысы Дәулет Мұратовтың айтуынша, каратэмен айналысқанына көп уақыт болмаса да, көптеген жарыстарға қатысып, жүлделі орындар алып келе жатқан Айбектің спорттағы аяқ алысы қуантарлықтай.
2006 жылы дүниеге келген Айбек кекушинкай каратэден өткен Талдықорған қаласындағы біріншіліктен алдыңғы лектен көрініп, мерейі тағы бір тасыды.

ПІКІР ЖАЗУ