«АФМ оnline 2024» форумы өтті
Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агент-тігінің ұйымдастыруымен жуырда жастардың қаржылық сауаттылығын арттыру мақсатында «АФМ оnline 2024» онлайн-форумы өтті. Іс-шара халықтың қаржылық сауаттылығын арттыруға және алаяқтықтың алдын алуға бағытталған.
Қаржы мониторингі агенттігі жыл басынан «WhatsApp», «Telegram» және «Instagram» — дағы 200 заңсыз чатты анықтады. Бүгінгі таңда 182 чат жабылған. Бұл 126 мың азаматты арбауға түсуден арашалап, шығыннан қорғап қалды. Мамандар «АФМ ONLINE 2024» форумында ақша қаражатын алаяқтардан сақтауға, халықты қаржы пирамидаларына тарту және басқа да маңызды тақырыптарға қатысты көптеген өзекті сұрақтарға жауап берді.
Форумға еліміздің ең үздік 35 университеті, 20 мыңнан астам студент және 10 миллионнан астам аудиториясы бар блогерлер онлайн режимде қатысты.
Форумда танымал журналист, тележүргізуші Динара Сәтжан, ҚМА ресми өкілі Әлібек Әбділов және Зарина Кусманова модератор болды. «AФM Online’24» жаңа пікірталас алаңы Айгүл Мүкей, Юрий Ли, Рүстем Омаров, Андрей Чеботарев, Асель Ауелбекова секілді танымал медиа тұлғалар мен блогерлердің ақпараттық-танымдық бағытта талқылауымен әсерлене түсті.
Іс-шараның мақсаты жастардың қаржылық сауаттылығын арттыру және құқықтық мәдениетті қалыптастыру. Қатысушылар қаржы пирамидаларын қалай анықтауға болатынын, әлеуметтік желілерде заң бұзушылықтарға жол бермеуді және дроптардың кім екенін, оларға қарсы тұру тақырыбында пікір алмасты. Форумның қатысушылар қатарында Қаржы Мониторингі агенттігі өкілдері, Мәдениет және ақпарат министрлігі, Alayaq.net жоба басқарушылары мен көптеген қаржылық эксперттер бар.
Кездесу барысында спикерлер блогерлермен қызықты кейстарымен бөлісті, өз кезегінде олар аудиториясына әрі қарай жеткізетін маңызды ақпарат алды. Медиа тұлғалар үшін әлеуметтік желілердегі мінез-құлық ережелері және қандай жарнама үшін заңмен жаза қарастырылғаны түсіндірілді.
Бұл іс шараға онлайн трансляция арқылы Шымкент қаласы оқу орнынан Орталық Азия Инновациялық университеті мен Ж.Тәшенев атындағы университет студенттері, Шымкент қаласы әкімдігі мен Қоғамдық келісім және жастар ісі жөніндегі басқарма мен Жастар ресурстық орталығы белсенді жастары мен Аманат партиясы жанындағы Жастар рухы ҚБ белсенділері қатысты. Бұл іс-шара халықтың қаржылық сауаттылығын арттыруға бағытталған. Сонымен қатар Интернеттегі кәсіпкерлік қызметпен айналысатын блогерлерге арналған. Онда заңды қызметті жүргізу үшін заңнама нормалары, яғни салық төлеу, тыйым салынған заңсыз контентті жарнамаламау туралы түсіндірілді.
Іс-шара спикерлері қаржылық заң бұзушылықтың алдын алу үшін тәжірибелік қадамдарды ұсынды. Форумға қатысушылар алаяқтық схемаларды бірден байқауға, оны айырып тануға көмектесетін тәсілдерді меңгерді.
М.Зинула – студент:
Менің ойымша, осындай конференцияларды өткізу жастар үшін өте маңызды, олар қаржылық сауаттылық дегеннің не екенін білуге мүмкіндік береді, бұл өте пайдалы дағды. Мен мұндай форумдардың жиі болғанын қалаймын.
М.Бердімұратова – студент:
Менің ойымша, қаржылық сауаттылық студенттер үшін және жалпы халық үшін өте маңызды. Әркім өзінің қаржылық сауаттылығын арттыруы керек, және әркім оның негіздерін білуі керек. Мен мұндай іс-шаралардың өткізіліп жатқанына өте қуаныштымын және оларды маңызды деп санаймын.
Ел бойынша өткен онлайн-форум азаматтарды қаржылық алаяқтықтан хабардар ету мен қорғаудағы маңызды қадам болды.
Г.Тұрсынқожа