Әдемі ауыл
Мен Қарағанды облысы, Жаңаарқа ауданы, Сәкен Сейфуллин ауылында тудым. Біздің ауылда Иманақ тауы бар. Біз жазда Иманақ тауына шығып, ауылдың әсем көрінісін тамашалаймыз. Иманақтың басынан ауыл әдемі көрінеді. Ауылда мешіт, мектеп, мәдениет үйлері бар, Сәкен атамыздың атына берілген мұражай, кітапхана бар. Кітапханадан біз ертегі кітап алып оқимыз. Менің атамның аты – Рамазан, әжемнің аты – Ұлтуған. Мен жазғы демалыста ауылға барамын. Әжем бауырсақ пісіріп, құрт жасап береді, мен әжеме көмектесемін. Атам газет-журнал, ертегі оқып береді. Менің ауылым әдемі, үйдің алдында саяжай бар,ол жерде Сәкен атамыздың ескерткіші орналасқан. Мен ауылыммен мақтанамын.
Адема РАМАЗАНОВА,
Қарағанды облысы, Жәйрем кенті, №30 мектептің 2- сынып оқушысы.