Абыройлы білім ордасы
Міне, қыркүйек айы келіп, жаңа оқу жылы басталды. Биыл 1-сынып оқушылары Әліппемен қайта қауышты. Сауаттарын алдымен Әліппемен ашатын болды. Ең үлкен қуаныш – оқушылардың мектепке қайта баруы. Індет әлі ауыздықталмаса да биыл оқу офлайн түрінде, яғни, оқушыларға мектепке барып оқуларына рұқсат берілді.
Алматыдағы Түркісіб ауданына қарасты №198-мектеп – аудандағы ең үздік, қаладағы білім сапасы мен жетістіктері жоғары, алдыңғы орындарда тұрған үш білім ордасының бірі. Мектеп директоры Канапьянова Асемкуль Слямбекқызымен биылғы оқу жылы басталған Алғашқы қоңыраудан соң кездесіп, журнал оқырмандары үшін әңгімелескен жайымыз бар.
Мектеп басшысының айтуы бойынша, былтырғы оқу жылы мектеп үшін өте табысты жыл болған екен. Бүкіл әлемді дүр сілкіндірген індет кезінде де ұстаздар мен оқушылар түрлі іс-шараларға қатысып, жан-жақты дамып, түрлі жетістіктерге жетіпті. Енді төменде солардың кейбіріне тоқтала кетейік.
Қалалық «Дарын» ғылыми-зерттеу жұмыстарынан 3-орын алған Молдыбаева Сабина (жетекшісі – Г.К.Жауыншиева), 2-орын алған Алжанова Айдана, Толыбай Еңлік (жетекшілері – Ж.А.Искакова, Ж.Қ. Қамбарбекова), республикалық ақтық кезеңнен 3-орын алған Ауғамбай Жания, Сарқытова Дана (жетекшісі – А.С.Канапьянова) сияқты дарынды оқушылар білім ордасының мақтаныштары. Географиядан республикалық пән олимпиадасына қатысып, 1-орынды жеңіп алған Габдуллина Дана (жетекшісі – А.К.Канапьянова), республикалық Абай олимпиадасына қатысып, 3-орын иеленген Бағдаулетова Аружан (жетекшісі – Ж.Т.Абуталип) мектеп жетістіктерін толықтыра түсіпті.
Үстіміздегі жылы атақты ақын Мұқағали Мақатаевтың 90 жылдығы екені баршаға белгілі. М.Мақатаев оқуларының қалалық байқауынан бас жүлде алған Сыдық Бекнұр (жетекшісі – Н.Токкулиева), 3-орын алған Ербосын Арнұр (жетекшісі – З.Алибекова) көркемсөз оқуда басқа да нәтижелерге жетуде. Қалалық эссе байқауынан 2-орын алған Бақытқали Еңлік (жетекшісі – Ж.Қамбарбекова), 1-орын алған Нысамбек Жазира (жетекшісі – Ж.Мәден), 3-орын алған Абылай Аяжан (жетекшісі – Ж.Омарова) шығармашылық ізденіс үстінде екенін айтқымыз келеді.
Президент олимпиадасының қалалық кезеңінен Габдулманапова Арайлым 1-орын, Дүйсен Таңшолпан, Әзімхан Жұпар 3-орын иеленген екен. Ол оқушыларға жетекшілік етіп, бағыт-бағдар берген ұстаздар Ү.Култаева, Б.Бектұрсын, Е.Усейн, Қ.Еркін де нағыз өз істерінің мамандары.
Бұл білім ордасында жас ақындар да баршылық. Түрлі қалалық, республикалық байқаулар мен мүшәйралардан орын алып жүрген Тоғжан Жұматай, Сарыбай Диана, Айдынқызы Кәусар, Төлеген Нұрай, Болат Аружан сияқты жас ақындардың болашағынан мол үміт күтеміз. Бұл оқушылармен түрлі іс-шараларда әділқазы болғанымызда да кездесіп қалып жүрміз. Нурмолдаев Данияр, Нұрғиса Айбек сияқты айтыс ақындары да мектеп абыройын арттыра түсуде.
Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойына орай өткен республикалық байқауда қарасөздерді жатқа оқу номинациясы бойынша Жошаева Ару (жетекшісі – Р.Текесбаева) 2-орын иемденген. «Әлем таныған Абай» атты республикалық байқаудан эссе жанры бойынша 2-орын алған Нүсіпхан Арайлым, көркем сөз жанры бойынша 3-орын алған Мұрат Нұрсұлтан (жетекшісі – Ж.Омарова) өздерінің қабілет-қарымдарын таныта алғандарына қуандық. Сонымен қатар Абай оқулары бойынша өткен республикалық онлайн сайыстан 1-орын иемденген Сапарбек Зере (жетекшісі – А.Бөшен) де дарынды оқушылардың қатарында. Республикалық «Абай – дана, Абай – дара қазақта» атты мәнерлеп оқу байқауынан 1-орын алған Жошаева Ару мен Барсағазы Аяжан (жетекшісі – Р.Текесбаева) өз талантымен ортаны мойындатып жүрген жастар екен.
Мектепте қолөнер, суретпен айналысатын да көптеген шәкірттер бар болып шықты. Олардың аяқ алыстарынан да мектеп әкімшілігі мен ұстаздар қауымы көп үміт күтеді. Осындай өнерлі оқушылардың қатарында қалалық «Daryn Ecoart» сурет және қолөнер байқауынан 1-орын алған Мұрат Томирис (жетекшісі – Г.Мырзахым), 3-орын алған Мұхтар Рахман (жетекшісі – С.Нақыпова) бар. Г.Мырзахымның жетекшілігімен «Тәуелсіздік – маңдайдағы бағым бұл» атты республикалық өнер және шығармашылық байқауынан бас жүлде иеленген Серік Санжар да ерекше атауға тұрарлық. С.Нақыпованың жетекшілігімен «Өнерлі өркениет» рес-публикалық байқауында қолөнер номинациясы бойын-
ша бас жүлдені жеңіп алған Бақтыбай Айсара, республикалық «Тәуелсіздік – біздің күш-қуатымыз» атты сурет байқауынан бас жүлде иеленген Азат Аминаның жетістіктері де №198-мектептің жеңіс қоржынын толтыра түсуде.
Мектептің педагогикалық ұжымы да түрлі жаңа жетістіктерге жетіпті. Атап айтқанда, «XXI ғасырдағы ұлттық сана және білім беру; заманауи педагогтың көзқарасы» тақырыбындағы қалалық педагогикалық оқуларына «Мектепішілік бақылау жүйесінің тиімді жолдары» атты баяндамасымен мектеп директоры Канапьянова Асемкуль Слямбекқызы қатысып, жүлделі 3-орын иеленіп, іс-тәжірибесі таратылыпты. Искакова Жадра Аймуханбетова «Эссе жазуға дағдыландырудың ерекшеліктері» атты баяндамасымен қатысып, жүлделі 2-орынды иеленіп, іс-тәжірибесі таратылған екен. Бұл тәжирибелі ұстаз 2021 жылдың 11 қаңтарында қалалық тәжірибе алмасу семинарын өткізіпті. Сонымен қатар қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің осы ұстазы республикалық «Үздік педагог – 2020» байқауының қалалық кезеңінің 3-орын жүлдегері екен.
Міне, жас оқырмандар, осы шағын мақалада №198-мектептің біраз жетістіктерінен хабардар болдыңдар. Әлі тоқталып үлгермеген мол нәтиже мен жетістіктер бар. «Ізденген жетер мұратқа» демекші, оқу мен үйрену, іздену, алға талпынудың арқасында білім ордасындағы оқушылар мен ұстаздар жақсы нәтижелерге жетуде. Міне, жаңа оқу жылы да басталды, бұл жыл да берекелі, сәтті, құтты жыл болса екен деп тілейміз. Індет асқынып тұрған осы заманда «қиыннан қиыстырып», жол таба білген басшыға, ұстаздар ұжымына, барша оқушыларға алар асуларыңыз әлі де көп болсын деп тілек айтқымыз келеді.
Саят Қамшыгер,
«Серпер» сыйлығының иегері