Өлеңге әркімнің-ақ бар таласы

 

Ұстазыма

Қабағыңнан көрмесем деп мыскал мұң,
Өз әлімше мен жоғары ұшқанмын.
Топ қанат ем, жетілдірдің ұштадың,
Ең алдымен өзіңізге қарыздармын  ұстазым!..

Туған жердің шулаған құстарын-ай,
Бір сағыныш берген бе, құсқа Құдай?
Балапандай баурыңа баскан едің,
Қайтіп қиям,мен сені ұстазым-ай!..

Тарыдай боп алдыңа барып едім,
Білім – тұмар, мойныма тағып едің.
Қауырсыны қатпаған балапанды,
Өз балаңдай, әлпештеп бағып едің.

Сол күндерді мәңгілік сағынамын,
Сен аман бол ұстазым, жалынамын.
Өзіңізге мұғалім, ант беремін,
Жақсы жақтан үнемі табыламын.

Ей, үлкендер, құрбылар, ағайындар,
Осы адамнан нәр алдың талайың дәл.
Құрметтеген өлгенше адамзат та,
Әл-Фараби, Құл-Қожа, Абайым да.

Ей, адамдар жер бетін мекендеген,
Бақыт іздеп, тырбанып, тепеңдеген.
Төбең көкке жетсе де, ұмытпаңдар,
Ұстазыңа қарыз көп өтелмеген…

Арналады жыр әнім сізге мәңгі,
Құйдың маған бұлағын бізге нәрлі.
Өзіңізбен қоштаспай өтсем деп ем,
Жүректерге қондырып сіздегі әнді.

Көктем келді, жаз болар, таяр күзім,
Күн жылынды, ериді қаяу мұз – мұң.
Қоштасарда ұстаз деп жыр арнаған,
Мен шәкіртің, бұлданшақ Баян кызың.

 

Көктем

Көктем нұрлы, шырайлы, шұғылалы,
Сан бояумен табиғат құбылады.
Бар тірліктің бастауы осы көктем,
Көктем бүкіл ғаламның тұнық әні.

Көктем мынау өмірдің келешегі,
Көктем сайын дүркіреп төл өседі.
Табиғаттың тынысы ерке Көктем,
Айдарынан адамның жел еседі.

Жан бітеді кәрі емен, жас талға да,
Сына қағып көк бұлттар аспанға да.
Арқырайды, өзендер күркірейді,
Сыңғыр-сыңғыр үн бітер бастауға да.

Таң бозынан бозторғай ән салады,
Тың тіршілік “баста!…” деп жар салады.
Қызғалдақтан көз алмай қариялар,
Көктемі еске түсеме тамсанады.

Ағаш жасыл, дала да, жасыл ғажап!
Атын мініп жайлауға тартты Қазақ.
Біздің ауыл Көктемге келші құрбым,
Көкпар тартса, дүрліккен тасырлап ат.

Күннен ырыс Көктем де, нұр төгілмек,
Еккен майса, жер беті тұр тебіндеп.
Әкеледі сұр бұлттар ақ жаңбырын,
Төгіп алып жүрерсің, түртемін деп!…

 

Туған жерге тағзым

Сен ерліктің мекенісің туған жер,
Кірім жуып, белімді нық буған жер.
Қасиетті Сарыарқаның төсінде,
Зиялылар өнер-білім қуған жер.

Бәлкім кейде сенен жырақ кетермін,
Сартаң сайын сағынышпен өтермін.
Бөгенбайдай батыр бабам қорғаған,
О, туған жер қадіріңе жетермін.
Ерейментау менің елім шұрайлы,
Көк түріктің мекені ғой, шын айбын.
Шөбі-шүйгін, сулары бал, ауасы ем,
Сенің бейбіт болғаныңды сұраймын!

Ата-қоныс, қарт тарихым, маңайым,
Сенен артық қандай мекен табайын?!..
Иман Жүсіп, Біржан салдар сағынған,
Ерейментау, ұлық ордам сарайым!
Сенен артық қандай мекен табайын?!…

 

Атама хат

Әкем маған ұрсады доғар дейді,
Мынау сондай қым-қуыт қоғам дейді.
Мен кеткенде ей ата жылап қап ең,
Қайда жүрсің жоқсың ғой содан бері?!…

Қайда жүрсің жоқсың ғой содан бері?
Ер жеткізіп келеді отан мені.
Мойныңызға мінгізіп еркелеттің,
Кел демейсің, шақырып «ботам, бері!».

Жан-жағыма қараймын мұңсыз дала,
Ерейментау бұлдырап тұр сыздана.
Атам қайда?.. әкемнен сұрай қалсам,
Алыста деп күрсінер үнсіз ғана.

Біз алысқа кеттік ау, арман үшін,
Мен кеткенде сен жылап қалғаның шын.
Тек түсіме кіресің көрінбейсің,
Қайда жүрсің, ей ата, қайда жүрсің?!

Ат арқандап кеттің бе қара суға?
Кездестің бе, әлде бір жанашырға?
Бәріміз де өлердей сағындық қой,
Сұры дөңде сол қалпы қаласың ба?

Біз қуанар мерейлі сәттер алда,
Денсаулық бер апама Хақ Тағала.
Үй жоқ, күй жоқ, жатырмыз
Сарыарқада, Балжан менен Баянға бақ бер Алла?!..

Баян Дәулетқызы,
Жас тілші, Астана қаласы,
№2 облыстық мамандандырылған мектеп-лицей-интернатының
9 сынып оқушысы

 

ПІКІР ЖАЗУ