«ЕЛ БҮГІНШІЛ, МЕНІКІ ЕРТЕҢГІ ҮШІН» («Мөлдір бұлақ» 21 жыл)

Өтіп бара жатқан «Балалар жылына» және Ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының туғанына 150 жыл толуына орай, «Мөлдір бұлақ» журналы «Ел бүгіншіл, менікі ертеңгі үшін» атты шығармашылық байқауының жылдық қорытындысын шығарды. Балаларға арналған «Мөлдір бұлақ» журналы жарық көрген 20 жыл бойы бұл шараны тұрақты түрде, дәстүрге айналдырып өткізіп келеді. Соңғы 2020 жылы Хакім Абайдың 175 жылдығына, 2021 жылы М.Мақатаевтың 90 жылдығына орай ұйымдастырған болатын.
Биылғы іс-шара Алматы қалалық орталықтандырылыған кітапханалар жүйесі, Әуезов ауданына қарасты «Жазушылар кітапханасында» (Ы.Алтынсарин даңғылы 37 үй), 2022 жылы 17-желтоқсан, сенбі күні, сағат 11:00 де өтті. Байқауды «Мөлдір бұлақ» журналының Бас редакторы Дәулетбек Байтұрсынұлы жүргізді.

Журнал бірнеше жылдан бері белгілі бір тақырыпта байқау жариялап, жылдың соңында қорытындысын шығарып үздік оқушыларды марапаттап келеді. Осы жылы редакцияға елуден аса эссе келіп түсіпті. Оқып шығып 13 оқушыға орын беруді лайық деп тапқан. Бас жүлде біреу, бірінші орын үш, екінші орын төрт, үшінші орын бесеу болды. Жалпы 13 оқушыға жүлделі орындар тағайындалды. Оқушылардың бәрі диплом және бағалы силықтарға ие болды. Жүлделі орынға ие болған 13 оқушының жетекшілеріне де құрмет грамотасы тапсырылды.


«Qazaqstan dauiri» ЖШС Бас директоры, «ЕлАна» сайтының басшысы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Қазақстан журналистер Одағының мүшесі, қоғам қайраткері, аналар мен балалар құқығын қорғаушы Сәуле Мешітбайқызына алғашқы сөз беріледі. Ұжымның жетекшісі Қазақстанның әр өңірінен келген жүлдегерлерге ақ тілегін айтып, газет-журнал оқуға, кітапқа құштар болуға шақырды. Шығармашылық табыс тілеп, жігерлендірді. Осы жылдың ішінде Алматы облысы көлемінде бір рет, Астана қаласы бойынша да байқау өткізілгенін жеткізді. Осылайша журнал талантты балаларды тауып шығармашылықтарына қолдау көрсетіп келетінін айтты.


Одан кейін Қалалық Жазушылар кітапханасының директоры, мемлекеттік «Құрмет» орденінің иегері, ҚР-ның мәдениет қайраткері, үздік кітапханашы, шаңырақтың иесі – Ағайса Елена Жамилқызы сөз сөйледі.
Ұлттық құндылық бәрінен биік тұруға тиіс. Солардың қатарында мазмұны терең, әуені жағымды, сөздері ойлы дәстүрлі әндеріміздің алатын орны тіптен бөлек. Ұлттық құндылықтарымыз бен дәстүрлі әніміздің туын желбіретіп жүрген кәсіптік әнші, бірнеше жоғары оқу орнында мәдениет бөлімдерін басқарып қызмет еткен, ұстаз – Ержан Смағұлов екі ән орындап, қонақтарымыздың көңілін көтеріп, намысын жани түсті.
Одан соң жүлделі үшінші орынға ие болған бес оқушыны марапаттау кезегі Ержан Смағұловқа берілді. Олар: Балтабай Айша Бақтиярқызы (Шу ауданы), Белгібай Аяжан (Талас ауданы), Әлпейіш Нұрислам (Алматы қаласы), Макен Аяулым Қазбекқызы (Алматы қаласы), Кензат Дамиля (Алматы қаласы).
Жүлделі екінші орынға ие болған төрт оқушыны марапаттауға ҚЖО-ның мүшесі, белгілі жазушы, аудармашы – Нұрлан Қами аға шақырылды. Олар:
Бекмұқаш Алуа (Кербұлақ ауданы), Қазбек Аниса (Шу ауданы), Сезім Қайрат (Алматы қаласы), Жұмабек Аяулым Нұржанқызы (Меркі ауданы).
Жүлделі бірінші орынға ие болған үш оқушыны марапаттауға ҚЖО-ның мүшесі, «Qazaqstan dauiri» газетінің Бас редакторы – Ертай Айғали ағаның еншісіне тиді. Олар:
Манашова Азиза (Орал қаласы), Игерді Ақтолқын (Еңбекшіқазақ), Орынғалиева Аяулым Асқарқызы (Аягөз ауданы).
Шығармашылық байқаудың Бас жүлдесіне ие болған оқушымызды марапаттауға мекеменің Бас директоры, Еланасы Сәуле Мешітбайқызы көптің алдына шақырылды. Алдымен байқаудың мән-мазмұны туралы түсіндіріп, осындай жүлдегерлерді тәрбиелеп жарысқа қосқан ұстаздар қауымына алғыс айтты. Бас жүлдеге ие болған ұстазды алдыға шақырып өз қолымен марапатын берді. Бас жүлде алған оқушы: Мақтабай Нұрдәулет Бейсенбекұлы (Меркі ауданы).
Байқаудың нәтижесі бойынша таңдалған және шығармашылық белсенділіктері арқылы көзге түскен төрт оқушыға «Мөлдір бұлақтың жас тілшісі» куәлігі берілді.
Оны тапсыру Қоғам қайраткері, келіндер мен қыздарымыздың ұлттық сипатта өмір сүруіне үлкен нәсиқатшы болып, есе қосып келе жатқан – Раиса Қалдыбайқызына, және ҚЖО-ның мүшесі, ақын, аудармашы, «Серпер» жастар силығының иегері, «Алтын сақа» баспасының Бас редакторы – Саят Қамшыгер мырзаға берілді.
Мақтабай Нұрдәулет Бейсенбекұлы (Меркі ауданы), Несіпбаев Али Бағдатұлы (Қарасай ауданы), Игерді Ақтолқын (Еңбекшіқазақ ауданы), Нуртаева Шырын Нұрланқызы (Аягөз ауданы).


Оқушыларды дайындаған, жүлделі орынға жетуіне бағыт-бағдар берген шығармашылықта жетекшілік жасаған ұстаздарды марапаттаудың кезегі редакция ұжымының қызметкерлеріне және арнайы шақырылған қонақтарға берілді. Олар:
Батырбекова Перуза Елубаевна (Меркі), Арыстанова Ауес Бахтыгуловна (Орал), Сағындықова Гүлнұр Жұматайқызы (Еңбекшіқазақ), Алдынгурова Гульжан Қудайбергеновна (Аягөз), Айнакул Додабекова (Кербұлақ), Ақшалова Индира Бақытқызы (Шу), Бекпанова Гүлбазар Ахаевна (Алматы), Батырбекова Перуза Елубаевна (Меркі), Жексен Жанар Маратқызы (Шу), Оразбаева Индира Жандәулетқызы (Талас), Тлеуберди Акмарал (Алматы), Мухатова Ботагөз Базарбекқызы (Алматы), Нуртаева Гульжаухар Нуркелдиевна (Алматы).
Жүлдегерлеріміздің марапаты берілген соң, арасынан өнерлі оқушылар көркем сөз және өлең оқып, шығармашылығымен бөлісті. Қазбек Аниса, Бекмұқаш Алуа, Несіпбаев Али, Игерді Ақтолқын секілді өнерлі шәкірттер көпшіліктің алдында жарқырай көрінді.
Алыстан келген ұстаздар мен ата-аналар арасынан бірнеше адам сөз алып, мектеп пен оқушы, журнал мен оқырман туралы ойларын ортаға салып, «Мөлдір бұлаққа» ұзақ ғұмыр тіледі. Басылымға қолдаушы болатындарын, тұрақты түрде жазылып келе жатқандарын ағынан жарылып айтты.
Соңында жиналысты жинақтай келе, Бас редактор Дәулетбек Байтұрсынұлы марапаттауды қорытындылады. Байқау аяқталған соң, қалыптасқан үрдіс бойынша бір-бірінің алған марапаттарын құттықтап, естелік суретке түсті.

Айдана Байтұрсын

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *