Әлеуметтік желімен әлеуетіңді арттыр

Әлеуметтік желі-виртуалды әлем. Сондықтан болар, бүгінде адам баласы интернетте өз кеңістігін қалыптастырып отыр. Алғашында әлеуметтік желіде отыру-уақытты текке өткізу еді. Бүгінде бір смартфонның көмегімен онлайн отырып жұмыс істейтіндерді де, офлайндағы жұмысын онлайн арқылы дамытатындарды да жиі байқаймыз. Иә, инстаграмды ашып қалсаң жарнамадан аяқ сүрінеді. Бірақ, SMM маманы, таргет, оқырман санын көбейту, интернет саудасы туралы не білеміз? Жалпы, бұл аталғандар заман талабы ма? Мүмкін сіз әлеуметтік желіні қаптап кеткен жарнаманы түсінбей жүрген боларсыз? Олай болса, бүгінгі әңгімеге арқау болған тақырып-әлеуметтік желі берген мүмкіндіктер.

 

Интернеттегі кез келген кәсіп оқырман санын көбейтуден басталады. Инстаграмда оқырманы 100 мыңнан асып жығылатын, бірақ бізге бейтаныс қолданушылар бар. Кейбіреулерінің оқырманға ұсынған контенті, ақпараты қызықты болмай жатады. Демек, ол оқырманды сатып алған. Бұл қалай? Әрине, гив болуы мүмкін. Бірақ, гивтің дәл қазіргі сәтте қызу талқыға түсіп жатқаны белгілі. Сондықтан, оқырман санын арттырудың тағы бір жолы инстаграм накрутканы білгеніңіз жөн. Накрутка-белгілі бір сомаға белгілі бір көлемдегі оқырмандарды сатып алу. Арнайы бағдарламалар, мобильді қосымшалар әлеуметтік желі қолданушыларына сіздің посттарыңызды ұсынады. Нәтижесінде, сізге өзге де қолданушылар жазыла бастайды. Дегенмен, парақшаңызда қызықты ештеңе болмаса, оқырмандарыңыз сізге жазылудан бастартады. Сондықтан, оқырманды көбейтуді жоспарласаңыз, алдымен, «олармен қандай ақпаратпен бөлісе аламын?» деген сұраққа жауап табудан бастаңыз.
Әлеуметтік желідегі белсенділіктің келесі кезеңі-жарнама. Әдетте, жарнаманы теледидардан көретін едік. Мұндағы жарнамалар тексерілген, сертификат иеленген тауарларға арналған. Бірақ, қоғам әлеуметтік желіге әбден бейімделген тұста интернет жарнамасы шықты. Ютубта видеоның арасы кенеттен үзіліп, әлдебір тауар көрсетілімі көрініс табады. Көрініс біткеннен кейін, өзіміз көріп отырған видео жалғаса береді. Бірақ, ютубта жарнамаға қол жеткізудің бағасы қымбат. Сондықтан, ютубта ірі тауар компанияларының жарнамасы мейлінше көп. Ал қарапайым интернет қолданушысына қолжетімді жарнама инстаграм, фейсбук мессенджерлерінде. Инстаграмдағы жарнама — «таргет» деп, аталады. Таргет-белгілі бір жас мөлшердегі, қызығушылығы ұқсас пайдаланушыларға ұсынылатын мақсатты жарнама. Оқиғаны мысалмен қарастырайық. Мәселен, мен инстаграмда кітап дүкендеріне, шетелде білім беру бағдарламаларына, өнер орталықтарына жазылғанмын. Сәйкесінше маған арнайы оқу орталықтары мен өнер бәйгелерінің жарнамасы жиі кездеседі. Сол сияқты сізде киім дүкендеріне жазылған болсаңыз сіздің парақшаңызда сәнге қатысты кәсіп иелерінің жарнамасы шығатын болады. Таргетинг арқылы жазбаларыңыздың қаралым жинағанын қаласаңыз белгілі бір сома мөлшерінде инстаграмға ақы төлейтін боласыз. Яғни, жеті күндік жарнама 15000 теңге. Осы тұста, керек кеңес ұсынамын. Жарнама істетемін деп, таргетолог мамандарға жүгінудің қажеті жоқ. Жай ғана пост астындағы «продвигать» батырмасын басу арқылы өзіңізде жарнамаға өтініш бере аласыз.
Айтпақшы, әлеуметтік желі арқылы пайда болған Smm маманы жөнінде не білеміз? Бүгінде, SMM – жоғарғы білімді қажет етпейтін, бірақ, табысты мамандық. Social Media Marketing-сайтпен емес, әлеуметтік желілермен жұмыс істеп, белгілі бір мекеменің тауарын жарнамалап, жеке имиджін қалыптастыратын маман. Бұл мамандық түрі инстаграмда белсенділік енді ғана қалыптасып келе жатқан тұста пайда болды. Ал карантин уақытысында smm мамандарына деген сұраныс бірден артты. Әрбір дүкеннің, компанияның, сұлулық салонының, тіпті ойын-сауық орталықтары мен тамақтану орындарының әлеуметтік желіде парақшалары бар. Сәйкесінше, әрбіріне парақшаға оқырман жинап, тұтынушы тарту мақсатында smm маманы қажет болады. Кімдер smm маманы бола алады? Әлеуметтік желіден хабары бар, оқырман тілінде сөйлей алатын, таргетингті меңгерген, жазбаларын визуалды түрде ұсынатын, сөз саптауы жоғары кез келген адам smm маманы бола алады.
Соңғы уақытта инстаграмда «жасы 16-дан асқан болса болды, тұтынушыға жауап беретін ватсап менеджері керек» деген жарнама жиі кездеседі. Күніне 3000 теңгеден бастап табыс таба аласыз деген бұл жарнамалар мүлдем сенімсіз. Жұмыс барысы: сізге әлдекімнің нөмері беріледі, ал сіз нөмердің иесін тұтынушыларға жауап беріп отыруға шақырасыз. Мұндағы менеджер сіз, ал, сіз сөйлесіп отырған номер иесі-тұтынушы. Егер тұтынушы келіссе ортақ чатқа қосу үшін 1500 теңге көлемінде ақы сұрайсыз. Берсе, бейтаныс адамды бүгін бар ертең жоқ болатын жұмысқа шақырып ақша тапқан боласыз. Егер, күмәнданып, жұмыстан бастартса, сіз табыссыз қалдыңыз. Яғни, бұл ешқандайда менеджердің жұмысы емес. Бұл-өтірік жарнаманың буынан пайда болған жұмыс.

 

 

Қазіргі кезде саудамен айналысатын кәсіп иесінің табысы интернетсіз тұралап қалары анық. Себебі, интернетте тауарын белсенді түрде жарнамалау, тұтынушылар санын интернет арқылы арттыру, онлайн тапсырыс алу, бәрі-бәрі кәсіпкердің бәсекелестік қабілетін арттырады. Интернеттің дамығаны сондай, үйде отырып, сонау қытай елінен зауыт бағасындағы тауарларға қол жеткізіп жүргендерде бар екен.

Иә, иә, интернеттің көмегімен тікелей қытайдан миллиондаған тауар түріне тапсырыс беруге болады. Қытайдың «Alibaba» сайтында тауарға таңдау жасап, еліміздегі қытаймен сауда байланысын орнатқан компанияларға тауардың сілтемесін жіберсең болғаны. 15-20 күн аралығында елімізде бағасы аспандап тұрған тауарды ең арзан сомамен Алматы қаласына жеткізеді. Сіз келіскен компания эксперттері Алматыдан сіз тұрған аймаққа тауарыңызды салып жібереді. Елімізде де осындай алпауыт интернет дүкені пайда болғанынан хабарыңыз барма? Бұл интернет дүкеннің атауы «Flip». Өкінішке орай, мұндағы тауарлардың бағасы қолжетімсіз. Бірақ, бір қуантарлығы бұл бастама Қазақстандық интернет дүкендері қатарының артуына септігін тигізеді деген ойдамыз.
Жұмысын интернетпен бітіріп, табыс табатындар интернет дүкендерімен шектелмейді. Онлайн формат салтанат құрған тұста зум платформасында дәріс өткізетіндер көбейді. Қарапайым мектеп бағдарламасынан бастап, бизнес сабақтары да онлайн жүйеге ауысты. Тіпті, инстаграмда белсенді smm мамандары осы мамандық турасында курстар өткізіп жүр. Онсызда, әлеуметтік желімен жұмыс істейтін smm маманы курс оқыту арқылы әлеуметтік желіні тағы бір рет табыс көзіне айналдырды. Талапкер болғандықтан, өзімде ҰБТ-ға дайындайтын онлайн оқу орталықтарын байқап көрдім. Сабақ кестесі жүйелі, интернетте мүмкін болатын барлық әдіс-тәсілдер қарастырылған. Ал, бағасы офлайн оқу орталықтарымен бірдей.

 

Бүгінгі сан-салалы қоғамда әлеуметтік желіні өз қабілеттеріне икемдеп алғандар көңіл қуантады. Өкінішке орай, интернетті ойын-сауық үшін пайдаланатындар да жоқ емес. Бірақ, оларда бұл жетістікке алып келудің орнына, етегінен шеңбектеп артқа тартатын әрекет екендігін іштей сезіп жүрген болар. Олай болса, әлеуметтік желіден өркениет іздеу әліде кеш емес. Интернет айналамыз түгілі, бүкіл әлемді көрсетететін терезеге айналғандай. Сол терезеден тек жақсысын көріп, өмірімізді жақсартайық. Карантин талаптары күшейтілген сайын түсінетінім интернетпен білім алуға және өзгеге білім беруге немесе онлайн кәсіп бастауға әрбіріміздің мүмкіндігіміз бар. Себебі, бұл-бүгінгі күннің талабы һәм болашағыңа жарарлық өмірлік тәжірибе.

Жазира Бекболатова,
Түркістан облысы

ПІКІР ЖАЗУ