«Жидебайға саяхат»
Елбасымыздың: «Заманалар ауысып, дүние дидары өзгерсе де, халқымыздың Абайға көңілі айнымайды, қайта уақыт өткен сайын оның ұлылығының тың қырларын ашып, жаңа сырларына қаныға түседі. Хакім Абайдың 175 жылдық мерейтойы қарсаңында мектебіміздің 3 сынып оқушысы Темір Алима ата-анасымен бірге Абайдың туған жеріне тағзым етіп қайтты. Абайдың кіндік қаны тамған жері Сырт Қасқабұлақ, Абай мен Тоғжанның кездескен таулары, Тоғжанның туған ауылында болып, оқушымыз өз көзімен көріп, тамашалап келді. Сондай-ақ «Жидебай» атты Абай республикалық мұражайына, Абай-Шәкәрім кесенесіне саяхат жасады. Абай атамыздың тарихи мекеніндегі «Қоңыр әулие» жеріндегі шипалы суға шомылып, киелі жердің кереметтілігіне сүйсініп келді.
Оқушымыздың Абай еліне жасаған саяхатын әңгімелей отырып, әрбір шәкіртіміз аталған құндылықтарды өз көздерімен көрсе екен дейміз! Абай қазақтың әр баласын ұлтжанды азаматетіп, тәрбиелеуге шақырды. Оның мұрасы – парасатты патриотизмнің мектебі, елдікті қадірлеудің ол негізі. Сондықтан азаматтарымыздың көзі ашық, көкірегі ояу болсын десек, Абайды оқудан, ақын өлеңін жаттаудан жалықпаған жөн!
Солтанова Ботагөз, Павлодар облысы
Май ауданы, Саты мектебінің тәрбие ісі жөніндегі
директордың орынбасары