Сен білесің бе?
2121 жыл… Жасыл әлем болады деген жерімізді шаң мен тозаңнан қалыптасқан тұман жаулады. Қара топырақтан дүниеге келген жап-жасыл шөптің қарасы да көрінбейді. Оның орнына әрбір жерді іріткен қоқыс обасы. Біз суға емес, қоқысқа батып барамыз. Қорғаныс бетпердесі баяғыда-ақ әшекей рөлін алмастырған. “Атмосфера”дейтін баласын өлтірдік, енді сол жаралы жүректен жерге қышқыл жаңбыр тамшылары жауып жатыр. Stop, біздің арман бұл емес! Бүгінгі күн – ертеңгі болашақ! Экологияның ластануы әлі де болсын өзекті тақырып. Егер бұл мәселені жылы жауып қоя берсек, алдағы 100 жылға қауіп төнеді. Мұндай жауыздық қайдан келгені белгісіз, адам баласын табиғатқа қиянат жасауға итермелейді де тұрады.
Сен білесің бе, әр қазақстандық жылына 165 кг қоқыс шығарады. Бұл қоқыстың қайсыбірі сұрыпталып жатыр дейсің? Жыл сайын өсіп жатқан статистика цифрларына қарағанда дұрыс сұрыпталып жатқан қоқыстар пайызы саусақпен санарлықтай. Бұның соңы мына жағдайға түрткі болып отыр: жыл сайынғы біздің отбасы сұрыптамаған 500-дей пластмасса бөлшектері жануарлардың улы азығы болып, миллиондаған жануардың өліміне әкеліп соғуда. Мұнымен тоқтап қалған жоқ: бір жылдағы 4 500 000 000 темекі қалдығы топырақпен араласып ондағы гумосқа кері әсер тигізіп, эрозияға ұшыратуда, яғни жарамсыз жерлердің көбеюіне жеткізеді. Сонымен, сұрыпталмаған қоқыс экологиялық апат екендігінің ақиқат екендігіне көзіміз жеткен шығар.
Жыл сайынғы біздің отбасы сұрыптамаған 500-дей пластмасса бөлшектері жануарлардың улы азығы болып, миллиондаған жануардың өліміне әкеліп соғуда. Мұнымен тоқтап қалған жоқ: бір жылдағы 4 500 000 000 темекі қалдығы топырақпен араласып ондағы гумосқа кері әсер тигізіп, эрозияға ұшыратуда, яғни жарамсыз жерлердің көбеюіне жеткізеді.
Ия, әңгіменің төркіні қоқысты сұрыптау жайында. Соқыр көзіміз көріп жүрген қаншама экологиялық мәселелер бар. Алайда ең бір жаныма тиетіні – сонша жалқаулық басып, бір қоқыстың өзін дұрыс сұрыптай алмағандығымызда. Қорқамын, алаңдаймын ертеңгі келешек үшін. Себебі болашақ ұрпақ біздің енжар әрекетіміздің кесірінен 100 жылдан кейін көзге жағымсыз ортаның куәгері болады… Егер қоқысты қалай сұрыптау керек екендігін білмеген болсаң, төменде өзіңе дайындаған сыйлығым бар:
• Алдымен әр отбасы, әр жаратылыс қоқысты дұрыс сұрыптауды бастауы қажет. Сұрыптауды ең алдымен батарейкалардан бастауға болады. Оларды өзге қалдықтармен араластырмай, арнайы батарейка қабылдайтын орынға жеткізу керек.
• Пластикалық бөтелкелерді жуып, сыртқы қаптамасынан ажыратып, мыжып, қақпағын алып оны да басқа қоқыстарға қоспай өз жәшігіне салу қажет. Пластмассалар біздің ең басты жауымыз, сондықтан міндетті түрде оларды көрінген жерге тықпаламай, арнайы орынға өткіз!
Міне, ең бастысы, осындай қадамдармен бастап кету. Қоқыс сұрыптау аса қатты қиындық тудырмайтын, жеңіл процесс! Ал енді ең қызығы басталады. Қоқысты сұрыптау арқылы біздің не ұтатынымызды білесің бе?! Энергия өндіре аламыз. Шетел үшін бұл таңғалатын жағдай емес. Бірақ, біз ақылға салатын болсақ бұны реализациялай аламыз. Сұрыптауға немесе қайта өңдеуге келмейтін қоқыстарды өртеу арқылы электр энергиясына қол жеткізе аламыз. Иә, мұндай жолмен энергия өндіру арқылы экологияға қандай да бір пайыз кері әсер тиюі мүмкін. Бірақ қоқыс сұрыптамай, айналамызды шошқа үйіне айналдырып, ұрпақтың өмір бақи бетпердеге таңылып қалуына себепкер болғанша, қоқысты сапалы өртеу арқылы, электр энергиясын өндіру бізге молынан пайда әкеледі.
Несібесімізге қарай қоқыстар арқылы электр энергиясын өндіру зауыты ғалымдардың болжамы бойынша еліміздің алты қаласында бой көтермек. Атап өтсек: Ақтөбе, Атырау, Алматы, Нұр-Сұлтан, Тараз, Шымкент. Бұл соңы емес, келешекке таза ғаламшарды табыстайық!
Әсем Дүйсенбек, жас тілші, Жамбыл облысы, Шу ауданы, Жамбыл атындағы орта мектептің 10-сынып оқушысы.