Көше балалары

Осы кезге дейін қазақ оқырмандарына «Тастамашы, ана!», «Ертегісіз өткен балалық» атты кітаптарымен танымал Уфа қаласында тұратын башқұрт жазушысы Айгиз Баймұхаметовтің «Көше балалары» атты қазақ тіліне аударылған жаңа кітабынан үзінді беріп отырмыз.

 

Данил түні бойы ұйықтамады. Бұған дейін ол үйден тыс жерде ұйықтап көрмеген болатын. Не істейсің енді – басқа амал жоқ. Аяқтары оны бесқабатты хрущевтық үйге өздері алып келді.Данил түні бойы ұйықтамады. Бұған дейін ол үйден тыс жерде ұйықтап көрмеген болатын. Не істейсің енді – басқа амал жоқ. Аяқтары о

ны бесқабатты хрущевтық үйге өздері алып келді.Ең жоғарғы қабатқа көтерілді де сұп-суық қолдарын жылу батареясына қойды. Денесіне жылу тарап, көңіл күйі де жақсара бастағандай.

Көшеде жан баласы жоқ. Басына тағы бір ой келді – мүмкін үйге қайтып бару керек пе? Анау маскүнемдерге? Жоқ! Аш болса да тыныш болғаны абзал. Өгей әкесі үшін бұл бала артық.Сол күні… Анасы арақ ішкен соң жатып, қатты ұйықтап қалған еді. Өгей әкесі Данилға маза бермеді. Енді ұйықтай бергенде оны төсегінен сүйреп тұрғызды. «Қане, мен саған төбелесуді үйретем», – деп қоймады. Данил қанша қарсы болса да ол мазасын ала берді. Дәл қазір оның баладан боксер жасағысы келді. Бірнеше рет пешті жұдырығымен ұрды. Одан кейін мұның қайталауын талап етті.– Менің қолдарым ауырады, бокс маған ұнамайды, – деп қарсыласып көрді балақай. – Сен осындай қорқақ болсаң, онда сенің өзіңді «груша» етем! – деп еркек қорқыта сөйледі. Мас адамның ойында не барын кім білген, Данил не істерін білмей қолайсыз жағдайда қалды. Оның айтқанын орындаудан басқа амалы қалмаған еді. Бұл болса пешті ұра берді, ұра берді, саусақ сүйектері қан-қан болды. «Әкесі» болса қатты қуанды:– Сендермен бірге болғанымда үйреніп қал! Кейін бәрін өзің ұратын боласың.  Екінші күні барлығы тағы қайталанды. Данилдың жұдырықтары қанап, көгеріп кеткен еді.– Жынды сияқты пешті неге ұра беруім керек? Қолдарым ауырып кетті, енді ұрмаймын! Бұл сөздер «үйдің қожайынын» одан сайын ашуландырды. Аз ғана ойланып тұрды да қолынан ұстап үйден жалаңаяқ күйінде шығарып жіберді.– Түріне қарамай сөйлеп қояды, шала туған пәле! Бар, далада салқындап ал. Миың істей бастағанда кіресің. Қыстың аязды күні болатын.

Қыстың суық күнінде қанша тұрғаны Данилдың есінде жоқ. Уақыттың бұл бөлігі оған мәңгілік секілді көрінді. Не істейді – бір аяқтан екінші аяққа секіріп тұруға тура келді. Аяқтарын сезбей қалғанда алақандарымен ысқылаған болатын. Бірақ анасы оның бұл қиналысын көрген жоқ еді. Ол ішетінін ішіп алып тәтті ұйқыда болатын. Біршама уақыт өткен соң ғана жүрексіз өгей әкесі мұны үйге кіргізді. Данил қор болудан шаршады. Егер үйіне оралса анау маскүнем басынан сипамасы анық… … Бала батареяға жабысып ұйықтай бастады, бірақ кіреберіс есігінің қатты дыбысынан оянып кетті. Аяқтың жүрген дыбысы естілді – біреу жоғары көтеріліп келеді. Бұл орта жастардағы әйел екен.– Ой, сен кімдікісің? – деді ол баланы көріп. – Кімге келдің? – Жоқ, ешкімге келмедім, – деді Данил дірілдеген дауыспен. – Мен жылыну үшін кірдім.– Мәссаған… Жарайды, бірақ бұл жерді шашып кетпе. Әйтпесе келесі жолы кіргізбейміз! – Шамасы, әйел мұның баратын еш жері жоғын түсінген сияқты. Басқаша болуы мүмкін бе, қандай ана ұлын түн ортасында далаға қуып жібереді? Әйел осы бір қара көзді, кірпіктері ұзын, сымбатты, аласа бойлы балақайды аяды. – Сенің қарның аш шығар? Бұл сөздерден Данилдың ауызына қышқыл сілекей толып кетті.– Таңертең үйден тамақ ішкенмін, бірақ бәрібір қарыным ашты, – деді ол ұяла. Біраз уақыттан бері дұрыс тамақ көрмегенін бейтаныс әйелге айта салмауы керек қой.– Аз күте тұр… Әйел май жағылған екі тілім нан алып шықты. Ол әйелдің үйге қайта кіргенін күтпестен көзінен баяғыда-ақ бұл-бұл ұшқан тәттіні бірден жей бастады. Нанға ұмтылғаны соншалықты, алғыс айтуды да ұмытып кетті. Екі тілім нан әп-сәтте-ақ жоқ болды.

Еденнен қоқымдарын теріп алды да оны да ауызына салып жіберді. Іштей жанашыр әйелге рақметін айтты. Бірақ аштықты жеңу оңай емес. Тіпті одан сайын қарыны ашып кетті. Тағы  да біреу-міреу түнд

елетіп үйіне қайта ма деп біраз күтті, бірақ подъезге ешкім кірмеді. Таң ата қарны тіпті аша түсті. Басы айналып, денесінің бір жері шанши бастады. Көзін жұмса болды – бірден үлкен бір бөлке нан елестейді. Ақыры шыдай алмай бағанағы әйелдің есігін қақты.– Ой, сен әлі осындасың ба?.. – деді ол жұмысына асығып жүріп.– Тәте, тағы да нан бар ма сізде?– Құдайым-ау! Не болып жатыр бұл әлемде?! Қайда қарасаң да – жетімдер. Олармен ешкімнің ісі жоқ, – ол басын шайқап асүйге қарай кетті. Тәрелкемен жаңа піскен екі жұмыртқа мен май жағылған нан алып шықты. Тамаққа лап қоюға даяр тұрған балаға енді ғана дәм ұсына беріп еді, көрші әйел пайда бола қалды. Кір киімдегі бала мен оған тәрелкемен тамақ ұсынып тұрған көршісін көрген ол бұрқылдап кетті:– Өмір бойы подъезге құнсыз адамдарды алып келіп жүрсің, – деді ол Данилдың жаңа танысына. – Бұл бомждардың подъезімізді ластап кетуі аздай енді сен оларға тамақ бере бастадың!– Баланы маскүнемдермен шатастырма, жарай ма? Ол саған несімен ұнамай қалды?– Оларды қорғама сен! Әне, пошта жәшігінен хат ала алмайтын болдық – бәрін алады да жағып жібереді бұлар. Ал подъезге шемішке шағып кететін кімдер деп ойлайсың?– Жарайды, көршім, олардың жағдайын түсінбейсің сен…– Жетер енді! Подъезд үшін мен жауап беремін! – ол дауысын көтерді, ерінін дүрдитіп алып қорқынышты түрмен Данилға жақындады. – Бұл жерден тайып тұр! Кетпесең қазір күйеуімді шақыртам!

Бар, бар, бұл жерде қайыр тілемей-ақ қой!.. Данил тамақты алуға да үлгермеді – даукес көршіден қорыққаны сондай, төмен қарай баспалдақтармен жүгіре жөнелді. Ол үйден жүгіріп шықты да, қайда барарын білмей тұрып қалды. Өзін ешкімге керексіз, бәріне тек кедергі келтіретін күшіктей сезінді. Терең тыныс алды да, ойларына ие бола алмай көрші тұрған үйге қарай жүрді. Күн шығып тұр. Бүгін ол жылуға жомарт еді. Шіркін, осындай күнде ойнаса ғой… Бірақ қалай болса да жейтін бір нәрсе табу керек. Көпқабатты үйдің қоқыс төгетін багының жанында бала кілт тоқтады. «Ешкім көрмей тұрғанда қарап көрсе қалай болады? – деген ой келді басына. – Жеуге жарамды бірдеңе табылуы сөзсіз…» Бірақ қас қылғандай сол маңда ары-бері жүрген адам ізі басылар емес. Данил бір шетке шығып ыңғайлы сәтті күтумен болды. Ақыры ешкім жоқ бір сәтте Данил пакет толы бакқа жақындады. Басында ыңғайсыз сезінді. Пакеттерді жыртып, бәрін жерге төге бастады. Онда тамақ қалдықтары жоқ еді. Қолын бір пакетке тығып жіберіп қарады. Бір банкаға тиді қолы. Үлкен олжаға кенелгендей көздері жанып кетті. Бала банканы тез алып шықты.

Оның ішінде ашыған, тұздалған қырыққабат бар екен. Тым болмаса шыдатпай бара жатқан асқазанын бірдеңемен алдай тұратынына қуанып кетті. Қақпағын ашып қалып еді, мұрнына жаман сасық иіс келді. – Тфу, тфу, тфу!.. – банканы бір шетке лақтырып жіберіп түкіріне бастады. Мына банка сияқты Данилдың тойсам деген арманы да сынып күл-паршасы шықты. Контейнерлерге енді жақындаудың өзі қиын болды, сол маңның барлығын сасық иіс алып кетті. Басқа жаққа кетейін деп еді, көзіне картон қорап түсті. Оған қалай ғана мән бермейсің: алдыға, артқа қозғалып тұр. «Онда не нәрсе болды екен?» – деп таңданды Данил. Ары-бері қозғап тұрған жел ме екен? Онда қорап бір жаққа ғана қозғалар еді ғой. Әне, оңға бұрылды, алға қарай тағы жүре бастады. Мәссаған! Балақай шыдамай кетті. Мұрнын басып алып артқа қарай жүгірді. Қорапты көтеріп қалды да күтпеген нәрседен не істерін білмей тұрып қалды. Ол ж

ерде мұнымен ойнауға ұмтылған қара күшік бар екен. Ол да қоқыс қарауға келіп, содан соң оған қорап киіліп қалған сияқты. Қой көзді, қара түсті күшік анда-мында, анда-мында құйрығын бұлғаңдатып қояды. Данил күшікті қолына алды. Маңдайында жұлдық тәрізді ақ белгісі бар екен. Үстінен ақырын ғана сипап еді, күшік бірден оған еркелей бастады. – Сені де анаң тастап кетті ме, бейшара? – күшікті түсінетіндей сұрады. – Қорықпа, сенің досың болам. Менің атым Данил. Ал сенің атың ше? Неге тесіліп қарап қалдың? Атыңның қалай екенін білмейсің бе? Онда мен сені Жұлдыз деп атаймын. Естідің бе – Жұлдыз?

Әне, сенің маңдайыңда сондай әдемі жұлдыздың белгісі бар… Баланың жарқын үні, еркелеткені күшікті тыныштандырды ма, бірден көзін сығырайтты. Сол сәтте байқады, бұларға қарай ырылдап бір үлкен ит жүгіріп келеді екен. Тістеу үшін бұған ұмтылып, үріп қояды. Қорыққанынан күшікті қолынан түсіріп алғанын байқамай қалды. Күшік түк болмағандай итке қарай ұмтылды. Иттің тынышталар түрі жоқ. Данил алысырақ қашқанда ғана кішкене тынышталды.  Данил жаңа ғана тапқан «досынан» айырылғысы келмеді. Оларды бір шетте тұрып бақылай бастаған еді. Оның көзқарасында бір қызғаныш пен сағыныш бардай. Күшік біресе енесінің жанына жата қалып, біресе аяғын тістелеп қояды. Енесі ақырын ғана оның құлағынан тістеп, арқасын жалап қояды. Данилдың шыдамы ұзаққа жетпеді. Мұның да күшікті сипалап, еркелеткісі келіп кетті де, ақырын шақыра бастады:– Жұлдыз, Жұлдыз, кел маған, кел! Бірдеңеге сезіктенген ит құлағын тікірейтіп, керіліп тұра қалды. Данил болса сыбырлауын жалғастыра берді:– Жұлдыз, Жұлдыз, кел маған, келе ғой! Күшікке баланың еркелете шақырғаны ұнады ма, енесінің жанында айналсоқтап жүрді-жүрді де Данилға қарай тура жүгірді.– Келе ғой, келе ғой! – деп Данил одан сайын дем беріп қояды. Күшік қуанышын жасыра алмай бұған кішкене тілін салақтатып жүгіріп келді.

Күшіктің қылығы итті таңырқатты-ау деймін. Ол күшігінің соңынан ерді. Үш қадамдай жетпей тоқтады да бақылауға көшті. Адамның бет-әлпетінен ешқандай қауіп жоғын байқады, тек мейірім көрді. Қызғанышын жасыра алмаған ит ырылдай бастаған еді. Күшікке бәрі бір, баланың аяғының астында ары-бері жүгіріп жүр, тіпті енесіне шәуілдеп үріп қояды. Бұл адамнан ешқандай жамандық көрмейтінін сезген соң ит те тыныштала қалғандай.– Сен маған ренжіме! – деді Данил қара итке қарап: – Мен оны жалғыз қалған деп ойлап қалдым. Сен болсаң маған тап бердің. Ит оның айтқан кінәлауын басын біресе оңға, біресе солға түсіріп тыңдады.– Қаласаңдар мен екеуіңмен де дос болуға дайынмын. Сенің күшігіңді мен Жұлдыз деп атадым. Білесің бе, сені қалай атаймын? – Кішкене ойланып тұрды да ауызынан шығарды – Жолдас! Данил асықпай итке жақындады. Жаңа ғана жақсы ат иемденген ол қарсылық көрсетпеді. Бала қорқып тұрып иттің арқасына қолын қойып еппен ғана сипалай бастаған еді.– Енді мен жалғыз емеспін, – бала қуана сыбырлады. – Бақыттымын: бір күнде екі дос таптым! Қанаттанып кеткен ол контейнерлердің жанына қалай тап болғанын да ұмытып қалды. Екеуімен де ойнап кетті, бірақ іші қатты шұрылдағанда қарны қатты ашқаны есіне түсті. Өгей әкесі жарған ерінін бір жалап қойды.– Сендер маған ренжімеңдер, – деді Данил. – Бір тілім наным болса үшеуімізге тең бөлер едім. Жоқ болып тұр… – Сөзін растау үшін қалталарын сыртқа шығарды – қоқымдар төгілді. Ит бірдеңе болғандай тұрып қалды. Бір жаққа жүгіріп кетті де қайтадан тез келді. Ол не әкелгенін көргенде Данил сілейіп тұрып қалды. Жолдас ауызымен тістеп тұтас нан алып келіпті! Ит мұның алдына нанды қойды да анандай жерге барып жата кетті. Мұндай байлықтан Данилдың іші жылып сала берді. Бөлкені үзді де бір үзімін күшікке берді, содан кейін тездетіп өзі жей бастады. Қандай дәмді!.. Ой, қандай керемет! Жолдас адам  мен күшіктің нанды қалай жеп жатқанын жайбарақат бақылап жата берді.

Орыс тілінен аударған – Саят Қамшыгер

ПІКІР ЖАЗУ