ПОЙЫЗДЫҢ АСТЫНАН АМАН ШЫҚТЫМ

Мектеп табалдырығын аттаған алғашқы жылымды бітірер-бітірместен алып-ұшып ағам екеуіміз ауылға қарай жол тарттық. Апам мен атамның алғашқы немерелері болғандықтан көбіне сол үйге баруға асығып тұратын едік. Ішкеніміз алдымызда, ішпегеніміз артымызда, өз қалағанымызбен жүреміз. Қалаған уақытымызда ұйқымыздан тұрып, шомылуға баратын едік. Бұл да бақытты балалықтың бір көрінісі. Мектеп табалдырығын аттаған алғашқы жылымды бітірер-бітірместен алып-ұшып ағам екеуіміз ауылға қарай жол тарттық. Апам мен атамның алғашқы немерелері болғандықтан көбіне сол үйге баруға асығып тұратын едік. Ішкеніміз алдымызда, ішпегеніміз артымызда, өз қалағанымызбен жүреміз. Қалаған уақытымызда ұйқымыздан тұрып, шомылуға баратын едік. Бұл да бақытты балалықтың бір көрінісі. Туғанымнан өте аурушаң болатынмын. Бір күні басымды жастықтан көтере алмай ауырып қалдым. Ағам не істерін білмей анама хабарласып жөн сұрады. Анам үйге қайтып келіңдер деп бұйырды. Бүгін қайтып кетейік десек, пойыз таң атысымен өтіп кеткен еді. Такси мүлдем жүрмейді. Таңның атқанын күтуден басқа амалымыз жоқ. Жаным шығып, бүкіл денем сырқыратып ауыртып бара жатса да, ойымда шомылуға бармай қалатын болдым деген өкініш тұр. Сондай ойлармен сағаттар да сырғып өтіп кетті. Таң. Ауылдың жұпар аңқыған иісі қандай керемет! Кеткім келмей қимай тұрмын. Бірақ ауырып тұрғаннан кейін амалым жоқ. Ішімнен тез жазыламын да қайтып келемін деп тұрмын. Ағам екеуіміз пойызды күтіп тұрмыз. Құмырсқадай құжынаған адам. Ағам «қазір пойыз келгенде міне алмай қалмайық» деген оймен пойыз жолға жақынырақ тұрдық. Ауырғанымды ойламай пойыз жолдың қақ ортасына отырып алып «бес тас» ойнап отырмын. Ағамның ойында да ештеңе жоқ. Маған «андағы жерден тұр, отырма» деп те айтпады. Қалай айтсын, өзі де бала ғой. Тек бір сөзі есімде «Пойыз келіп қалса, өлесің де қаласың, сені әкетпеймін» деген еді. Осы сөзді айтқаны сол, ар жақтан пойыздың дауысы естілді. Менің жүзімнен күлкі кетпей мәз болып отырмын. Несіне мәз болып отырғанымды тек өзім білемін. Ағам сасқалақтағаннан: «Жерге жат, етбетіңмен қарап жат» деп айқайлады. Амал жоқтан айтқанын орындау керек болды. Жанымызда құжынаған адам көп болса да, біреуі келіп көмектеспепті. Ұзын шаштарымды пойыз жұлып кетпесе екен деп барынша құшақтап, қыса ұстап жаттым. Өлім мен өмірдің арасында жатқанымды қайдан білейін… Пойыздан келген желдің денемді қытықтатқаны қатты ұнап жатыр. Соған мәзбін… Пойыз тоқтады. Мені қатты уайымдаған ағамның түріне қарасаң, құдды бір өлі адамды көріп тұрғандай. Пойыздың астынан жұлып алып ұрыса жөнелді. – Анам мен әкеме бұл туралы айтпа, айтсаң, ауылға әкелмеймін, – деп қорқытып қояды. Ауызымнан «уәде» деген сөзді шығарғанша жаны тынбады. Үйге келдік. Ана оқиғаны айтуға деген құштарлығым артып тұр. Айтсам не болар деген оймен бәрін баяндап бердім. Ағам ашулы көздерімен маған қарап отыр. Анам мен әкемнің көздері шарасынан шыққалы тұр. Екеуі екі жақтан ағама ұрысып жатыр. Сол сәтте айтқаныма өкініп қалдым. Осы оқиғадан кейін пойызбен жүрген қатты ұнайды. Негізі, үрей деген өткінші сезім болса керек еді, ал менде барлығы керісінше болды. Ауырғанымды бір сәтте ұмытып, ертесінде ауылға қайтадан жолға шығып кеттім. Міне, балалығымның бір сәті осындай қызыққа толы болған еді.

Диана КАСЫМОВА,СДУ-дің 3-курс студенті

ПІКІР ЖАЗУ