Дастархан дайындау әдісі

Жайылған дастархан – біріншіден, мәдениеттің қандай екенін білдірсе, екіншіден, қонаққа көрсетілген құрмет пен ілтипат.
Үстел үстіне алдымен дастархан жайылады. Дастарханның негізгі маталары — зығыр (лен) мен мақта-мата болып табылады. Ең дұрыс шешім – ақ матадан тігілген дастархан. Ақ түс дастарханның сәнін ашып тұрады және үстел үсті әлдеқайда кең болып көрінеді. Дастархан үтіктелген, түзу жайылған, әрі шеттері бүгілме-ген болуы шарт. Дастархан үстелден төмен, барлық жағынан 25 см жерге түсіп тұруы керек.

Дастархан жабдықтау:
● Ақ дастархан жайылысымен, қазақ халқының дәстүрі бойынша «Ас атасы — нан» демекші, дастарханға бірінші нан қойылады. Ұннан жасалған тағамдар дастарханның сәні болмақ. Мысалы: бауырсақ, шақ-шақ, қытырлақ шелпектер т.б. Нан тағамдары ретінде печенье, бәліш, самса, құймақ секілді тағам түрлерін ұмытуға болмайды;
● Одан кейінгі кезекте ақты төкпей қадірлеген қазақ халқы үшін сүт өнімдерінің рөлі ерекше. Бүгіндері баяғы дәстүрді сақтаған халық той-томалақта, түрлі мерекелік жиындарда дастархан басына құрт пен қаймақ, және т.б. сүт тағамдары мен сусындарын қоюды ұмытқан емес;
● Жеміс-жидектер;
● Жаңғақтар;
● Салаттар;
● Тәттілер;
● Ыстық тағамдар. Қонақ келгенде алғаш алдына тартатын ас — ет тамақ;
● Ыстық шәй.

Дастарханда отыру әдебі:
♦ Дастархан басында отырғанда, денені қисайтпай, тік ұстау. Дастарханды тартқылауға, оған қисайып жатуға, орындықты тебуге және тербетуге болмайды;
♦ Тісіңді шанышқымен шұқылауға болмайды, тамақ ішісімен ауызыңды сумен шай;
♦ Алдыңдағы тағамды кесу қажет болса, онда оң қолыңа пышақ, сол қолыңа шанышқы ұстаған дұрыс. Өйткені оң қолымен кескен ыңғайлы;
♦ Тағамды жеп болысымен пышақ пен шанышқыны дастархан үстіне тастай салмай, тарелкаңа салып қой. Өйткені майлы дақ дастарханды былғайды;
♦ Ортаға қойған табақтан асты жеке тәрелкеге салып же;
♦ Тамақ ішкенде, оны төгіп – шашпа. Сұйық тамақты сораптама. Тамақ ішіп отырып, газет, кітап, журнал оқыма;
♦ Тамақты асықпай, ұзақ шайнап же.

Бетті дайындаған:  Адина ЕРҚАРАЕВА

ПІКІР ЖАЗУ