Әке аманатын арқалап…

Ұлттық қолөнер туындылары жайлы сөз қозғағанда, ШОҚПАРҰЛЫ Дəркембай аға есімізге түседі. Оны білетін адамдар:
— Ұмытылып кеткен көне жəдігерлерімізді жинап, көздің жауын алатын дəрежеге жеткізген Дəкең – деп, оның ісін жалғастырып келе жатқан ұлына ризашылық білдіреді.
Дəркембай ШОҚПАРҰЛЫ – (23.05.1946 — 20.05.2006 жж)
Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданы, Ақши ауылында дүниеге келген еді. Қолөнер шебері, педагог, этноди-зайншы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері. Бүгінде шебердің туған ауылында мұражайы ашылып, ұлттық жауһар-ларымызды жасауға балалар мен жасөспірімдер тартылып отыр. Біз де мұражайға арнайы ат басын тіреген едік.

Бізді Дəркембайұлы Дəулет ағаның өзі қар-сы алды.
— Əкем, Дəркембай Шоқпарұлы қазақтың ұлттық қолөнері бұйым-заттарын қайта жаңғыртып, осы заманға орай сəнді етіп жасауда көп ізденіп, нəтижесінде ағаш, сүйек, металл, тері, жүн, киіз, мата, ши, қамыс, тас, қыш, шыны, т.б. материалдардан неше түрлі сəнді қолөнер бұйымдарын жасады.
Əкемнің қолынан туған əдемі бұйым-заттар, яғни алқа, білезік, шолпы, т.б. халықтың ежелден келе жатқан қолданбалы өнер туындыларының озық үлгілерін қайта тірілтті. Сонымен қатар халықтың музыкалық дабыл, шертер, дауылпаз, домбыра сияқты аспаптарды жасауда да өзінің эстетикалық талғампаздығын танытумен бірге нағыз ұсталық өнердің ісмері екенін дəлелдеді.
— Дəулет аға, Дəркембай ағамыздың қалдырып кеткен бұйымдарына қарап, оның қайталанбас һас шебер болғанына сүйсініп тұрмыз. Ағамыздың ізгі аманатын сіз қалай жалғастырып келесіз?
— Əкем марқұм, көз жұмарда маған осы істің тек аяқ асты болып қалмауын өтінген еді. Əрине, əкемнің қаншама жиып-терген еңбегін жерге қалдырмаймын. Бар өмірін қазақтың қолөнеріне арнаған əкемнің ісін жалғастыруды өзім қолға алдым. Əрі, болашақ жастарымызға насихаттап, өнерімізді өрге қарай өрбітіп, жаңғыртып келеміз.
— Дəркембай ағамыздың атындағы мұражайды өзіңіз басқарып келеді екенсіз…
— Əкемнің көзі тірісінде білмегенімді сұрап, жанында көмектесіп бірге жүретін едім. Соның арқасында қазір көргенімді қайталап, өзімнің заманауи қиялыммен талай дүниелерді шығарып келемін. Шыны керек, əкем көзжұмғаннан кейін сүйенішімнің, демеушімнің, ақылшымның жоғына көзім жетті. Əкемнің басты арманы «Қолөнер» мұражайының есігін айқара ашып,

ғимарат жанынан балаларға арналған қолөнер мектебін жолға қою еді. Міне, бүгін де əкемнің туып-өскен ауылы Ақши жерінде «Ұста Дəркембай атындағы қолөнер музейі» ашылды. Ендігі мақсатымыз, əкемнің бастаған ісін жалғастырып, қазақтың колөнерін заманауи тұрғысында жаңғырту. Іскерлік байланыстар орнатып, дүниежүзіне таныту.
— Дəулет аға, əкеңіз туралы мəліметтерге қарасақ, қазақ-тың қолөнерін сонау 1970 жыл-
дары кеңестік заманда баста-ған екен. Соған қарағанда, Дəркембай Шоқпарұлының туындылары шетелге танылмауы мүмкін емес.
— Иə, əкем Республикалық, Бүкіл-одақтық жəне Халықаралық көрмелерге өз туындыларын шығарып келген. Сондай-ақ, Дəркембай Шоқпарұлының қолынан шыққан зергерлік бұйымдары Венгрия, Чехославакия, Румыния, Польша, Индия, Бирма, Германия, Италия, Индонезия, Филиппин, Египет, Малайзия, АҚШ, Түркия, Франция, Пакистан сияқты əлемнің ірі–ірі елдерінің мұражайларына қойылған. Қазақстан аумағы мен Орта Азия елдерінің ірі қалаларында ғылыми-зерттеу экспедициясының құрамында болды. Мəселен: Венгрияда (1979-1988 жылдары), Таулы Алтайдың, Тува, Хакасия (1980 ж), Қырымда (1981 ж), Арменияда (1981 ж), Түркияда (1991 ж), Пəкістанда (1994 ж).
— Əңгімеңізге рақмет! Өнеріңіз өрлей берсін деп тілейміз!
Сұхбаттасқан:
Адина ЕРКАРАЕВА.
Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданы.

ПІКІР ЖАЗУ