Құрма

Құрма – қасиетті Құранда аталған жемістердің бірі.
Хазірет Мәриям Исаға (а.с.) толғатып қатты қиналғанда, Аллаһтағала мейірім білдіріп, оған құрма жеуді әмір еткен. Бұл жайлы «Мәриям» сүресінде: «Сөйтіп тұрғанда толғақ қысып, құрма ағашына барып сүйенуге итермеледі. «Қап, бұрын өліп, ұмытылып кеткенімде болар еді» деді күйзеліп. Сол сәт (періште) төменнен былай деп дауыстады: «Жабырқама, Раббың асты жағыңнан бір арық жасады. Құрма бұтағын өзіңе қарай сілкіле, үстіңе жас құрмалар түссін. Содан іш, же. Көз айым бол!»» делінген.

Құрма – ауызашардың сәні

Айша анамыздың айтуынша, Пайғам-барымыз оразасын жас құрмамен, жас құрма болмаса, кепкен құрмамен, ол болмаса сумен ашатын. Сол себепті құрмамен ауыз ашуды сүннет деп білген мұсылмандар қасиетті Рамазан айында дастарханға құрма қоюды игі дәстүрге айналдырған.
Құрма латын тілінен аударғанда Phoenix dacty-lifera деп аталады. Тік шаншылып, 24 метр биіктікке дейін өсетін құрма паль-масы көбіне ыстық климатты аймақтарға тән. Құрма өсіру шаруашылығымен айналысатын араб елдері.

Құрманың түрлері:

Жаңа піскені, кепкені, ірісі, кішісі, емге жарамдысы, дәмі, түр-түсіне қарай құрманың көптеген түрлері бар. Хижри VIII жылы Мұхаммед пайғамбарымыз өзін зиярат етіп келген Абдулқайс тайпасының адамдарына сол аймақтағы құрмалардың түрлерін әңгімелеп, «Сіздерде өсетін құрмалардың ең жақсысы әрі ең пайдалысы – барни деген құрма» деген. Пайғамбарымыз әсіресе Мәдинада өсетін «Ажуа» деп аталатын құрма сұрыпын жақсы көрген. Тіпті «Ажуа құрмасы – жәннаттағы жемістердің бірі» деген. Осы себепті ажуа құрмасы әлі күнге аса көп сұранысқа ие.
Құрма:

Алтынай Жұмабек,
Қ.Әбдалиев атындағы мектеп,
ОҚО,Қазығұрт
ауданы.

Протеин, май, көмір суын (углевод) –
үшеуін қатар қамтитын бірден бір жеміс.
! Жас құрма теріге оң ықпал етеді, жүктілік пен күнге күюден түскен дақтарды кетіреді;
! Құрамындағы темір қан аздыққа пайдалы;
! B1, B2 витаминдерінің қатар кездесуі бауырды сауықтырады;
! Тамақ ауруына, жөтелге пайдалы;
! Қатерлі ісіктен (рак) сақтайды, жүрек қан тамырларына таптырмайтын ем;
! Құрамында фосфор мен калцийдің молдығы сүйек ауруларынан қорғайды;
! Жүйке жүйесінің шаршауын басады;
! Мидың жұмыс істеу қабілетін күшейтеді;
! Ас қорытуға пайдалы
! Жас құрманың бойында 60-65 пайыз (кепкен құрмада 75-80%) қант болғанына қарамастан, адамды семіртпейді.

ПІКІР ЖАЗУ