Ұлылық — кішіпейілдікте
Сегіз жастық
Бірде Дінмұхамед Ахметұлы ел аралайын деп жолға шығады. Орта жолда олардың машинасына бір әйел қол көтереді. Димаш ата машинасын тоқтатқызады. Оның да баратын жері Шелек болған соң, бірге алып кетеді.
Машина үйінің алдына тоқтағаны сол еді, әлгі әйел Дінмұхамед Ахметұлына:
— Үйге кіріңіз, шаңырағымнан дәм татыңыз, — деп қоймайды.
Сонда Дінмұхамед Ахметұлы:
— Жақсы онда, дәмнен үлкен емеспіз, кіріп өтейік,- дейді.
Осы сөзді естігенде әйелдің қуанғаны сондай, үйіне жүгіре жөнеледі. Үйге кіргенде, әйел сегіз жастықты Қонаевтың жолына қаз-қатар тізіп қойған екен. Дінмұхамед Ахметұлы осыған таң қалып, жастықтан өте алмай дағдарып тұрғанда:
— Менің сегіз балам бар. Мына жастықтарды солар
жастанады. Сіз осы жастықтардан аттап өтіп төрге озсаңыз. Сонда мен бұл сіз аттаған қасиетті жастық-тар екенін елге, балаларыма айтып, мақтаныш көріп жүрер едім, — дейді. Сонда Дінмұхамед Ахметұлы:
— Жо-жоқ! Сіздің сегіз балаңыз жатқан бұл жастық-тарды аттамаймын. Қайта әрқайсысын маңдайыма тигізіп, тәу етейін. Балала-рыңыз мақтаныш көріп жатсын, — деп жол тауып кетіпті.