Бірінші дүниежүзілік соғыстың басталуы

15bet_f33ХХ- ғасырдың басында әлемді бөлудің жаңа кезеңі туындады. Егер өткен ғасырларда әміршілерге Жаңа әлемнің бейтарап жерлерін өзара бөлісуге мүмкіндік болса, енді бұл ғасырдың басында ондай бос жатқан жерлер (Еуропалық отаршылдардың көзқарасы бойынша) тіптен қалған жоқ еді.
Сол уақытта Еуропада өзге елдерді отарлау жөнінен Ұлыбритания империясы алдына жан салмады. Оның иелігіндегі территория бойынша ешқашан күн батпайтын. Францияның да колониялдық  империясы ауқымды еді. Құрлықтың алтыдан бір бөлігін алып жатқан Ресей де сол кезде отарлаудың табиғи шегіне жеткен болатын, тек Жерорта теңізіне шығу жолын бақылауды ғана армандайтын. Жалпы «бәлішті» бөлісуден кешігіп, құр қалған Германия, Австро-Венгрия және Жапония ғана алыс мақсаттарды көздейтін жоспар құрды. Ең үлкен жанжал Ұлыбритания  мен Германия арасында туды. Ағылшындарға қауіпті бәсекелес қажет емес еді, ал Германия теңізге шығу жолдарын қолға алып, ағылшындарды ол жерден ығыстырып, өзінің отарлық иеліктерін кеңейтіп, еуропалық шекараларын шеңберлеуді көздеді.
15bet_f44Әрине, мұдайда одақтасу жайында мәселе туады. Германия мен Австро-Венгрия Ресейге қарсы өзара одақ құрады. 1882 жылы оған Италия қосылады. 1891-1893 жылдары оларға қарсы Ресей мен Франция келісімге отырады. Осылайша Орталық державалар үстінен соғыс бұлты қалыңдай түседі.
1904 жылы ағылшындар француздармен, ал 1907 жылы Ресеймен келісімге келеді. Антанта атты (французша мағынасы «келісім») одақ құрады. Ақыр соңында Германиямен соғысатын барлық елдер Антанта аталады.
Сөйтіп, 1914 жылы Германия, Австро-Венгрия, Түркия – бір жағынан, Ресей, Британия, Франция екінші жағынан бірігіп, одақ құрады. Әр мемлекет өз мақсатын көздеп,  сол орындалу үшін сылтау іздеді.
 Сонымен әлем бір деммен соғыс драмасының        басталуына қоңырау соғылуын күтеді. Мұндай мүм-  кіндік 1914 жылдың 28 маусымында туады. Австро-Венгрия тағының мұрагері эрцгерцог Франц Фердинанд Сараевоға (Босния) баратын болды. Жолда беймәлім біреу оның арбасына бомба тастайды. Дегенмен, эрцгерцог  алғырлық танытып, оны сыртқа лақтырады да, өзі мен жұбайының өмірін сақтап қалады. Бірақ қайтар жолда оны «Жас Босния» ұйымының мүшесі Принцип деген студент тапаншамен атып өлтіреді.
Соңында бір айға жуық созылған айтыс-тартыстан
кейін Австро-Венгрия Сербияға ультиматум қояды. Оның жалпы мазмұны тәуелсіз Сербияны саяси картадан сызып тастауға саяды. Серб үкіметі ультиматумның барлық пункттерін орындауға даяр еді. Бірақ кейбір
талаптарды келісіп алмақ болған. Дегенмен австрия-лықтардың әскери дайындыққа кірісіп кеткенін білгеннен кейін олар да әскерін сапқа тұрғызды. 1914 жылдың 28 шілдесінде келісімге отыруды қаламаған австро-венгриялық тарап Белград қаласын артиллериядан атқылай бастады.
Содан Бірінші дүниежүзілік соғыс тұтанып кетті.
К. ОРАЗБЕКҰЛЫ.

ПІКІР ЖАЗУ