Жасанды каучук
Каучуктің тарихы Ұлы географиялық ашылулардың заманынан басталады. Колумб Испанияға қайтып оралғанда, Жаңа Əлемнен көптеген таңқаларлық олжалармен келді. Соның бірі үлкен серпімділікке ие «ағаш сағызынан» дайындалған эластикалық доп. Үндістер оны гевея деп аталатын өсімдіктің шырынынан дайындайтын. Үндістер бұл шырынды «каучу» — сүтті ағаштың көз жасы» деп атайтын. Осы сөзден бүгінгі каучук атауы шыққан. Дегенімен, Еуропада оңтүстік америкалық бұл ерекше затты көпке дейін ұмыт қалдырады. Тек ХҮІІІ ғасырда ғана Оңтүстік Америкаға саяхатқа шыққан француз экспедициясы- ның мүшелері ағашты тауып, одан шыққан шайырға «резина» деген атау беріп («resina» латын¬ша — сағыз), үлгілерін ғалымдарға зерттеуге тапсы-рады.
Ал, 1839 жылы американдық өнертапқыш Гу¬дьир каучукқа күкірт қосып, қыздырып, жаңа қоспа дайындап көріп еді, нəтижесінде төзімді де мықты, қатты да эластикалық, аяз бен ыстыққа шыдамды материал пайда болды. Бұл бүгінде өзіміз пайдала¬нып жүрген резинаның алғашқы нұсқасы еді. Содан кейін одан неше түрлі заттар өндіру кең өріс алды. Дегенімен, резинадан жасалатын бұйымдардың көбеюіне байланысты табиғи каучук шикізаты жеткіліксіз болды. Содан, ғалымдар жасанды каучук өндірудің жолдарын іздестіре бастады.
Көп жылғы іздестірудің нəтижесінде, орыс химигі Лебедев 1932 жылы арзан тəсілмен жасанды каучук өндірудің жолын табады. Содан бастап жа¬санды каучук өндіру кең етек алып, рези¬на өндірісі тез қарқынмен дамыды.
Дайындаған: К.ОРАЗБЕКҰЛЫ.