Күн мен түн теңелсе де…
Шабытпенен ой-санам тереңдейді,
Бұл өмірге көңілім елеңдейді.
Қайғы менен мұңға көптеп салынбай,
Қиындықты жас жүрек жеңем дейді.
Бірақ, жүрек шын бақытқа бөленбейді,
Шығара бер үмітпен өлең мейлі.
Себебі, кейбір жандар опасыз боп,
Бай менен кедей етіп, тең бөлем дейді.
Ал бай десем көп нəрсе көлеңдейді,
Аш көз болып ақша үшін өлем дейді.
Суретті салған: Ақмаңдай МАМЕТЖАНОВА. Алматы облысы, Панфилов ауданы.
Жомарттары кедейге көмек берсе,
Сараңдары оларды еренбейді.
Кедей болса, ақшаға көп кенелмейді,
Не болса да мен соған көнем дейді.
Тек қана бір Алладан үміт күтіп,
Намыс үшін өмірде өлем дейді.
Кедей онша өмірде еленбейді,
Байлар болса ақша деп елеңдейді.
Наурызда күн менен түн теңелгенмен,
Бай мен кедей бəрібір теңелмейді.
Ақтолқын ОРАЗХАН.