Жаздың əр күні білімге нəр берді
Еліміздің мектеп жасындағы барлық баласы үш ай дема¬лып, мектеп-ана құшағымен қайта қауышты. Артта қалған жазғы демалыс жергілікті жер¬лерде қалай ұйымдастырылды? Республикамыздағы 8000-ға жуық мектеп оқушыларының дема¬лысы мəнді, мазмұнды, əрі есте қаларлықтай өтті ме? Бұл сауалдарға балалардың өздері жауап беріп, Білім күні жазған шығармаларына арқау етеді. Біз өз тарапымыздан ҚР Білім жəне ғылым министрлігі мектепке дейінгі жəне орта білім департаментінің дирек¬торы Н. Р. АРШАБЕКОВ мырзаға жолығып, сұқбаттасқан едік.
— Нұрғали Рақымғалиұлы, міне, жазғы демалыс аяқталып, жаңа оқу жылы бас-талды. Республика бойынша мектеп жасындағы балалардың жазғы үш айы қалай ұйымдастырылды?
— Балалардың жазғы демалысын ұйымдастыру қашанда маңызды мəселенің бірі болып саналады. Соған байланысты Министрлік тарапынан «Жаз» кешенді бағдарламалары белгіленеді. Бағдарлама аясында жергілікті атқарушы органдар жазғы сауықтыру маусымына балалар лагерьлерінің қабылдау дайындығын, өрт қауіпсіздігін, санитарлық-гигиеналақ талаптардың бақылауы мен сақталуын қамтамасыз етеді. Балалардың сауықтыру демалысының жəне жұмыспен қамтылуының мониторингін жүзеге асырды. Атқарылған іс-шаралардың нəтижесін айтар болсақ, əрине цифрларға жүгінуге тура келеді.
Айталық, жаз айларында балалар үшін 7029 ұйым жұмыс істеді. Олар қала сыртындағы сауықтыру орталықтары, лагерьлер. 4961 мектеп жанындағы, 63 санаториялық үлгідегі лагерьлер, 1107 бейінді, 187 палаталық, 304 спорттық, 199 дебаттық, 5900 аула клубына біріккен ұл-қыздарымыз биылғы демалысы есте қаларлықтай өтті деген ойдамыз.
— Мəліметтерге жүгінсек, мектеп оқушыларының көпшілігі еңбек пен демалысты қатар ұштастырыпты.
— Иə,иə! Оқушыларды жазғы еңбек тоқсанында жұмыспен қамту мақсатында 13081 уақытша жұмыс орны құрылды. Бұл жасөспірімдеріміз жазғы еңбек отрядтарында, мектеп айналасын көгалдандыру жəне абаттандыру бригадалары, жөндеу-құрылыс, өндірістік, мектеп орманшылығында өздерін шыңдады. Отбасылық- жалдамалы шаруашылықта да ерінбеген балаларымыз еңбектің нанын татты.
— Нұрғали Рақымғалиұлы, жетім жəне ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар да бағдарлама аясынан тыс қалмағанын атап өттіңіз. Оларға нақты қандай жағдай жасалды?
— Бұл ешуақытта сырт қалатын мəселе емес. Мұндай өрендерге жазғы сауықтыру демалысының қол жетімділігі балалар үйлерінің 21 жеке қала сыртындағы лагерьде демалысы қамтамасыз етілді. Оның ішінде Астана мен Солтүстік Қазақстан облысында екі лагерь тұрақты жұмыс істейді.Жыл сайын экологиялық тұрмысы төмен отбасыларындағы 1500 оқушы республикалық бюджет есебінен сауықтыру демалысымен қамтамасыө етілді. Даму мүмкіндігі шектеулі 28 бала мемлекеттік тапсырыс шеңберінде «Балдəурен» республикалық оқу- сауықтыру орталығында демалды.
— Жазғы демалыстың ұйымдастырылуы жайлы дəйекті деректерден хабардар бола отыра, өзіміз де балалық шақтың ұмытылмас сəттерін шарлап кеткендейміз. Балаға да, үлкенге де демалыстың туристік сапармен жалғасқаны ерекше əсер береді емес пе?!.
— Қай жасты алсақ та, адам баласының жүрегінде бала күнгі тамаша сəттер сайрап жатады ғой. Рес-публикада 10 мың баланы қамтитын жиырма жас туристер станциясы бар. Биыл 500 мыңнан астам жас туристер «Қазақстан саяхатшысы» деген белгімен марапатталды.
Елімізде жеті жүздей туристік-өлкетану үйірмелеріне он сегіз мыңдай шəкірт тартылған. Республикалық қосымша білім беру оқу-əдістемелік орталығы семинарлар,бəйгелер, слеттер өткізуде. «Атамекен» туристік-өлкетану жиынын өткізіп, «Менің Отаным — Қазақстан» экспедициясын үйлестірді.
— Əңгімеңізге рақмет.
Сұқбаттасқан: Ж.Кучукова.