Рәбия апайдың ерлігі
Сыныпта Нұрдаулеттен бұзық бала жоқ. Қыздардың орындығына, шашына ебін тауып сағыз жапсырып, сиясын шашыратып жүргені. Ал, мұғалімдер Нұрдаулеттен азарда-безер. Журналдағы бағаны жөндейді, екілік алады, жаман сөздер көп айтады. Еш мұғалімді тыңдамайды. Енді не істеу керек? Ұрып-қорқытуға болмайды, қаталдықтан түк шықпайды. Сабақтан соң Нұрдаулетті апайы алып қалды.
— Нұрдаулет, сен бұзықтықтың бәрін қой, күнім. Сен барлық сабақтан беске шық, оқу озаты бол. Мен сенен үлкен үміт күтемін. Рәбия апайдың оқушысы бұзық екен деген маған да жақсы атақ бермейді. Мені де, ата-анаңды да жерге қаратпа. Сөзден іске көшейік. Сен маған сен, мен саған сенемін. Күнде «5» деген бағадан үшеуін ал, кім бұзықтық істесе, жазып жүр,» — деді. Мұғалім «Өзіңді қарапайым жылы лебізіңмен сыйлата білмесең, құр қаталдықтан түк те шықпайды» деген Чеховтың сөзіне сүйенді. Кісінің бойындағы талаптану құмарлығын оятқан адам –
ең жақсы мұғалім.
Нұрдаулет өзгерді. Тәртібі түзе-ліп келе жатқанға апайы қуанып, бетінен сүйді. Ал, бетінен сүйгені, жылы қабақ танытқаны оқушыны одан да марқайта түсті. Ертең «5» деген бағадан төртеуін аламын деп, үйіне жеткенше қайталап барды. Шайын ішіп, үйін жинап, сабақ оқуға кі-
рісті. 3 сағат бойы әбден оқыды, бірнеше рет қайталады. Ата-анасы Нұрдаулетке іштей сүйсініп жүрді. Уәдесінде тұрып, «5» деген бағадан төртеуін алды. Мұғалімдер аң-таң. Баяғы бұзақылықтың ізі де қалмаған.
— Мектепте оқу керек, ал мектептен шыққан соң, онан да көп оқу керек. Қазір жассың. Ешнәрсе түсінбейсің. Оқу, білім, ғылым — өмірлік азығың болады. Жас мұраты — білім, тәлім-талабы, — деді ұстазы Нұрдаулеттің арқасынан қағып.
Нұрдаулеттің ата-анасы ұлына жылы сөз, мейірімділік пен жылы шырай жетпегенін білді. Ал, мұғалім болса, бұзық баланы бауырына тартып, жүрегінен орын алды. Өзін сыйлата білді.
Айдана ЖҰМАБАЙ.
Жетісай қаласы.