9 жасар модель

Қазақстандық бүкіләлемдік белгілі бренд «GAP» фирмасының жарнамасына түсті. Фототүсірілімдер Алматыда өткен. Кастингтен кейін жарнама беруші фирманың талабына алматылық Кристи лайық деп табылған. Dark Room Art студиясының қызметкерлерінің айтуынша, кішкентай модель кәсіби сән үлгісі иелеріндей тамаша жұмыс істеген.
Еліміздің жасөспірім қыздарынан атақты фирмалардың жарнамасына түскендері аз емес. Соның бірі — «Armani» брендінің жарнамасына түскен Алена Субботинаның фотосы салынған киімдер әлемдегі ірі бутиктерде сатылған. Содан кейін Алена Нью-Йоркте, Париж бен Барселонада өткен сән байқауына қатысты. 2012 жылы «Givenchy» көрсетілімін ашқан.

ПІКІР ЖАЗУ