«30 кітап, 30 ән» байқауы
Мектеп – білім ордасы. Білім жетістігі ұстаздар мен білім алып жүрген оқушылардың бірлескен іс-әрекетінен нақты көрінеді. Олар жарқын келешегіміздің іргетасын қалайды. Оқу-шылардың талантын шыңдайтын ұстахана. Ертеңгі даналардың түлеп ұшар тұғыры. Ұлттың рухани байлығы алған білімінде болса, ұстанар бағыты тәрбиесінде. Ал, білімнің сарқылмас көзі мектепте.
Чорманова Әлия Сбанқұлқызы басқарып отырған Алматы қаласы, Д. Бабаев атындағы 115 жалпы білім беретін мектепке 1 қыркүйек 2021 жылы қабылданған жалпы оқушы саны 925 болды. Барлығы 38 сынып құрылды. Аталған мектебімізде заман талабына сай материалды-техникалық база, заманауи пән кабинеттері қамтамасыз етіліп, әр кабинет техникалық құралдар, компьютерлер, итерактивті тақталармен толықтырылды. Оған қоса арнайы жабдықталған химия, физика, информатика, шеберхана, спортзал кабинеттері толық жабдықталған.
Мектепте дарынды, қабілетті балаларды дамыту мақсатында жұмыстар жүргізіледі. Осыған орай шәкірттерімізде қалалық, облыстық, республикалық, халықаралық конкурстарда жеңімпаз және жүлдегерлер атанып талай зияткерлік, шығармашылық, спорттық сайыстарда биіктен көрініп жүр. Биылғы оқу жылында пәндік олимпиададан аудандық кезеңде орын алған оқушылар біршама көп болды.
Сабақтан тыс уақытта оқушылар үшін арнайы курс, үйірмелер, секция жұмыстары ұйымдастырылады. Нақты атап кетер болсақ, вокал, хор, би, шахмат, тоғызқұмалақ, волейбол, футбол, баскетбол, каратэ секциялары жұмыс істейді. Кейбір сыныптарда жаратылыстану, математикалық бағыттағы пәндерді үш тілде оқыту бағдарламасы енгізілді. Бұл сабақтарды арнайы курстан өтіп, сертификатқа ие болған мұғалімдер жүргізеді. Ал, мектеп басшылығы ұстаздар біліктілігін арттыруды басты назарда ұстайды. Ұстаздардың өздері де мектеп өмірінде белсенділік танытып, әртүрлі кәсіби сайыстар бойынша дипломдар мен грамоталарға ие болды. Бала бойындағы дарынды ашу кез-келген адамның қолынан клмейтін іс. Ол тек мұғалімнің ғана қолынан келеді. Жылдан жылға артып келе жатқан білімнің өрлеу жолы мектеп ұжымының жүйелі әрі еселі еңбегінің жемісі екені сөзсіз.
Мектеп кітапханасынан 1-11 сыныптарға оқулықтар 100% түгел тегін таратылды. 1-сыныптарға биыл жаңа оқулықтар келді. «Әліппе» оқулығымен қайтадан қауыштық. Алғашқы қоңырау мектеп жиынында салтанатты түрде 1-сынып оқушыларына «Әліппе» оқулығы таратылды. 2-11 сыныптарға қосымша оқулықтар келіп, оқушылар санына қарай жеткілікті қамтамассыз етілді.
30 тамыз «Ата – заңым айбыным» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. 1 қыркүйек – білім күніне де кітап көрмесі қойылды. 4 қазан Мұғалімдер күніне «Ұстазым – менің ұстазым» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. Осылайша оқушыларды кітаппен достастырып, кітапқа деген қызығушылығын арттыруды жолға қойдық.
Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың жолдауында айтылған «Оқуға құштар мектеп» жобасының аясында мектебімізде стенд жасалды. Кітапхана бұрышы ұйымдастырылды. Оқушыларымыз сабақтан тыс уақытында демалып, кітаптар оқиды. Биыл QR-кодпен көркем әдебиеттер келді және сол арқылы әдеби шығармаларды осы QR-кодпен жүктеп алып, оқиды. Бұл оқушылар үшін білім алуда үлкен мүмкіндік болды.
Мектептің жылдық тәрбие жоспарына енгізілген Тәуелсіздіктің 30-жылдығына арналған «30 кітап, 30 ән» байқауы біздің мектепте бірнеше жылдан бері тұрақты өткізіліп келе жатыр. Қазан айында кітап оқу шарасы 2 сыныптар арасында өткізіліп, үздік оқырмандар анықталып, мақтау қағаздарымен марапатталды.
2-ші сыныптар бойынша: Сабыржан Нұрай, Мелис Айсер, Ермек Раяна, Раев Арнұр, Кенжебек Алтынай, Рамазан Зере, Алмасқызы Інжу, Серікнұр Томирис озат деп танылды. Онан соң сатылы түрде ілгерлеп, 3-ші сыныптар арасында байқау өткізілді. Олардың арасынан төмендегі оқушылар топ жарды. Серікжан Санжар, Бекен Әділет, Серік Әлихан, Бақытжан Мәдина, Әбдімұрат Мағжан, Ахмет Темірлан, Қанатқызы Бағым, Барказатқызы Кәусар, Сұлтанова Луина, Ізтілеу Жангерім, Бегәділ Елдана. Кезекті байқауымыз 4-ші сыныптар бойынша жалғасын тапты. Жұмағалиев Тамерлан, Жұмабаева Жұлдызай, Мұратбек Айзере, Жорабай Ерасыл, Жолдасова Еркежан, Әсіреп Ернұр, Жарасұлы Даниял, Шәріпжан Санжар, Садықбек Айзере, Елеева Аяна, Бекен Мұхаметжан, Сұлтан Жансұлтан, Берікхан Дария, Әлимұратова Адель қатарлы оқушылар барлық талаптарға жауап беріп озып шықты. Сол сияқты 5-ші сыныптар бойынша: Бақытжан Аяулым, Тұрғанжанова Гүлсанам, Ержанқызы Іңкар, Мұхаметқали Аяулым, Әбілғазы Әбубәкір, Мүшекенов Мирас, Айдар Бекнар, Дүйсенбай Ерлан, Балқыбек Жұбаныш, Мұстафа Әлихан, Бақытбек Бақытжан қатарлы оқушылар мектептің үздіктері қатарынан орын алды. Ж. Жабаевтың 175 жылдығына арнап жыр мүшайрасы өткізілді.
Мектебіміздегі ұстаздар мен ата-аналардың белсенділігі арқасында оқушылар бірнеше балалар басылымына жазылып, қосымша білім алып отырады. Солардың қатарында республикалық «Мөлдір бұлақ» журналына оқушылардың қызығушылығы жоғары. Хакім Абайдың «артық білім кітапта» деген өсиеті бойынша, оқушылар журналдан көптеген ақпараттық-танымдық, сараптамалық, ғылыми мақалалар оқып, рухани-мәдени толысуға, өздері де эссе, мақалалар жазып, журналда жариялауға жұмылып, өз үлестерін қосуды да әдетке айналдырып келеді.
Тоқсанбаева Дәмет Шәлібекқызы,
Алматы қаласы, Д. Бабаев атындағы мектептің кітапханашысы