15 жаста соғысқа кеткен

Менің атам төрт ағайынды екен. Соғыс басталған 1941 жылы атамның әкесі соғысқа атанады. Ал, 1943 жылы оның тұңғыш ұлы Нүсіпбекті әскер қатарына шақырады. Әжеміз үш баламен ауылда қалады. Үйдің кенжесі — Әшірбек атам 9 жаста болады. 1943 жылы атамның әкесінен қара қағаз келеді. Нүсіпбек атам соғыс даласында із-түссіз жоғалғандығы хабарланады. Атам болса, ағасын тынбай іздейді. Араға 66 жыл салып, 2011 жылы Польшадан Нүсіпбек жайлы дерек естиді. Жолы болып, поляк жеріндегі үлкен ағасының зиратына зиярат етіп келген. Нүсіпбек атамыз 1928 жылы туылған. Құжатта 1925 жылы деп көрсетілгендіктен, бар болғаны 15 жасында майданға кеткен. Ата-анамыз соғыста қаза болған жауынгерлердің рухына бата бағыштап, Құран оқиды.
Біз аталарымызды ұмытпаймыз. Жер бетінде ешуақытта соғыс болмасын деп тілейміз.
Айгерім, Ұлпан ӘШІРБЕК,
Алматы облысы, Райымбек ауданы, Сарыбастау ауылы.

ПІКІР ЖАЗУ